«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

2 МЫҢЖАС ЕҢБЕК ЖАСАҚТАРЫНА ТАРТЫЛАДЫ

Ақтөбе облысында 2 мың жас «Жасыл ел» және «Атамекен» құрылыс жасақтарында еңбек етеді. Олардың еңбекақысы 120-130 мың теңге болады. Ақтөбе облыстық Табиғи ресурстар және табиғатты қорғау басқармасы арқылы 1200 жас орман шаруашылығына барады. Онда көгалдандыру жұмыстарын жасайды.

Ал 800-і абаттандыру және құрылыс саласына бағытталады. «Биыл жастардың жалақысы өсті. Былтыр100 мың теңге алса, биыл 120-130 мың теңге еңбекақы беріледі. Бұл жастардың жұмысына байланысты берілетін жалақы көлемі. Негізі 16-35 жас аралығындағы жастар еңбекке араласа алады. Мектеп оқушылары ата-анасының рұқсатын алуы тиіс. Жастардан жеке куәлік көшірмесе, 075 анықтамасы мен жұмыссыздығын растайтын құжат сұралады», — деді «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары және «Атамекен» студенттер отрядтары қоғамдық бірлестігінің төрағасы Нұржан Шаңғытбаев.

Қазіргі кезде жастардың алғашқы легі еңбегін бастап кетті. Жалпы 200-ден астам жас орман шаруашылығындағы жұмысқа тартылды. Ал 100-ден астамы қаланы абаттандыруға үлес қосып жүр.

Ұқсас ақпараттар

КӨТІБАР АУЫЛЫ: АТҚАРЫЛАР ЖҰМЫС КӨП

admin_mugalzhar

Еңбек министрлігі: 2,3 млн қазақстандыққа 42 500 теңгелік төлем берілді

admin_mugalzhar

17,7 мың отбасы өткен жылы неке бұзды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.