«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Мұғалжар аудандық мәслихатының тұрақты коммисия отырысы өтті. Күн тәртібінде 2022 жылдың қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстары баяндалды. Отырысқа Қандыағаш қаласының әкімі Талғат Өтемұратов, аудандық мәслихат төрағасы Бақытжан Кадралин, жергілікті депуттартар және бөлім басшылары қатысты.

Аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы Ләззат Бердібаева мен спорт бөлімінің басшысы Талғар Әбдірзақов өткен жылдың есебін беріп, баяндамаларымен таныстырды. Ауданның спорт саласы бойынша баяндама жасаған спорт бөлімінің басшысы Талғар Әбдірзақов Мұғалжар ауданы бойынша 2022 жылы атқарылған жұмыстарға тоқталды.

Өткен жылы ауданда бірқатар спорт кешендері мен спорт алаңдары бой көтерді. Қазіргі таңда қызметкерлер дене шынықтыру және спорт жұмыстарын ұйымдастыратын 252 штаттық бірлікте жұмыс жасайды. 2021жылмен салыстырғанда 20 бірлікке өсіп, қызметкерлер саны көбейді. Жалпы білім беретін мектептерде 145 дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі қызмет етеді. Аудан бойынша 8 жасөспірімдер спорт клубы бар. Сонымен бірге сала қызметінің маңызды бағыттарының бірі — студенттік спорттыдамыту. Аудандағы 3 арнаулы оқу орынының 725 оқушысы, спорт секцияларына барады. Кәсіпорындарда, мекемелерде, ұйымдарда және ауыл шаруашылық құрылымдарында шұғылданатындар саны 15488 адамды құрайды, — деді ол.

Екінші болып сөз алған Жастар ресурстық орталығының басшысы Ләззат Бердібаева орталық жұмыстарына тоқталып, жетістіктерін де тілге тиек етті.

Мұғалжар аудандық Жастар ресурстық орталығы 2022 жылы «Үздік ЖРО» Сапа белгісіне және «Қола белгіге» ие болды. Мұғалжар ауданында жалпы саны 11209 жас бар. Бүгінде оларды түрлі іс-шара ларға тартып, жүйелі жұмыс атқарылуда. Облыс көлемінде алғаш рет табиғат аясында квест ойындары өткізілді. Сонымен қатар мемлекеттік тапсырыс аясында Түркістан қаласына ауданның белсенді және NEET санатындағы, пробациялық есепте тұрған жұмыссыз жастары экскурсияғабарды. 13 NEET санатындағы жастарға мемлекеттік тапсырыс аясында шағын кәсіп бастау үшін қайтарымсыз гранттар берілді. Оларға мобилография, шет елдерде оқу мүмкіндігі және бизнес бастау жолдары бойынша тренинг ұйымдастырылды, — деді Ләззат Бердібаева.

Сондай-ақ ол орталықтың, жастардың мәселелеріне тоқталды. Өткен жылдың жасалған жұмыстары бойынша баяндама оқығандарға сауалдарын жолдаған депутаттар келер жылға атқарылатын жұмыстардың нәтижесін күтетіндерін жеткізді.

А.МАНАСБАЕВА

Ұқсас ақпараттар

ҚҰРТ АУРУЫН 25 АДАМ ЖҰҚТЫРҒАН

admin_mugalzhar

ВИЗИТ БЕЗ ЧРЕЗВЫЧАЙНЫХ СИТУАЦИЙ

admin_mugalzhar

«ПАРАСАТ ЖОЛЫ» — АДАЛДЫҚҚА БАСТАР ЖОЛ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.