«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ҰБТ: 478 ТҮЛЕК НИЕТ БІЛДІРГЕН

Бүгінде облыс орталығы Ақтөбе қаласында Ұлттық бірыңғай тестілеу өтуде. 18 мамыр мен 5 шілде аралығында өтетін аталған тестілеуге қатысуға аудан бойынша 478 оқушы ниет білдіріп, өтініш берген.

Аудандық білім бөлімінің мамандары 11-сынып оқушылары республикалық немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру гранты конкурсына қатыса алатынын, оларға тестілеуді 2 рет тапсыру мүмкіндігі берілгенін жеткізді.

— 2022-2023 жылы оқу жылында аудан бойынша мектептерде 11-сыныпты 511 түлек, 9-сыныпты 1140 түлек бітіреді. Ауданымыздан қаңтар, ақпан, наурыз айларында өтетін  ұлттық  бірыңғай тестілеуге 23  жалпы білім беретін орта мектептерден 478 оқушы  қатысуға ниет білдірді. Оқушылардың көпшілігі қоғамдық гуманитарлық, жаратылыстану-математикалық бағытты  таңдады, — деді аудандық білім бөлімінің сектор меңгерушісі Жандос Байтақов.

Оның сөзінше 11-сынып бітіретін 511 түлектің ішінде 50 оқушы «Үздік аттестатқа», 24 түлек «Алтын белгіге» үміткер.

Н.АБАТ

Ұқсас ақпараттар

Мемлекет және қоғам қайраткері Камал Бұрханов өмірден озды

admin_mugalzhar

Биыл 150-ге жуық елді мекенге интернет қосылады

admin_mugalzhar

САЙЛАУ: ГАЗЕТ БЕТІНЕН ОРЫН БЕРУ ТӨЛЕМІНІҢ МӨЛШЕРІ, ШАРТТАРЫ МЕН ТӘРТІБІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.