Аудандағы волейбол спортын дамыту мақсатында әуесқой командалар арасында «Мұғалжар лигасы» өтіп жатыр. Тоғыз лигадан тұратын бұл атаулы шараға 10 команда қатысуда.
Ауданда волейбол спорты өзге спорт түрлеріне қарағанда ақсап жат-қаны жасырын емес. Оны бірқатар жаттықтырушылар да жоққа шығармайды.
— Осы спорт саласында жүрген жоғары лига чемпионы, Жұрын ауылының азаматы Бақыткерей Әділжан, республикалық университет аралық ойындарының екі дүркін чемпионы Бекзат Құрманияз және МБЖСМ-нің волейболдан жаттықтырушысы Айдын Бисенғалиев сынды спортшыларымызбен ақылдаса келе, аталмыш лиганы құру ойға келді. Бұл лига достық қарым-қатынас пен ауданымыздағы спорт саласының, соның ішінде, волейбол ойынын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған. Осының арқасында бүгінде Айдын Бисенғалиевтің шәкірттері облыстық, республикалық жарыстардың жеңімпазы атанып жүр. Айта кететін жәйт, МБЖСМ-ның шәкірті, №3 Қандыағаш қалалық мектеп-гимназиясының оқушысы Мерлан Ілияс «U-16 Қазақстан» ұлттық құрамасына шақырту алған. Бұл көрсеткіштің өзі волейбол спортына деген қызығушылықтың көбейіп спортшылар шеберлігінің артқанының дәлелі, — дейді әуесқой командалар арасындағы «MUGALZHAR LIGA» жобасының ұйымдастырушысы Райымбек Отаралин.
А.НАҒАШЫБАЙҚЫЗЫ