«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЛАГЕРЬ ДЕМАЛУШЫЛАРЫ АУДАН ОРТАЛЫҒЫНА САЯХАТ ЖАСАДЫ

Сағашилі жалпы білім беретін орта мектебінде «Бал-бала» лагері ашылған еді. Бүгін аталмыш лагерьде демалып жатқан 27 бала ұстаздарының демеушілігімен Қандыағаш қаласына саяхат жасады. Саяхат барысында балалар «Жас Star» дене шынықтыру және сауықтыру спорт кешенінде, Мұғалжар аудандық тарихи-өлкетану музейінде болды. Сондай-ақ өрт сөндіру ғимаратына аялдама жасап, подполковник Мақсат Рятовтан балалар қауіпсіздігі туралы тың ақпараттар тыңдады. Сонымен қатар, жұмыс барысын қарап, оқу-жаттығуларымен таныс болған балалар өрт сөндіру бөлімінің жұмысының қызықты әрі қауіпті екеніне куә болды.
Айта кетейік, лагерьде мектептің бастауыш сынып аралығындағы оқушылар демалуда. 3 ауысымнан тұратын лагерьдің 1 аусымында қазіргі таңда 50 бала қамтылып отыр.

Ұқсас ақпараттар

ҚЫЗМЕТ АЛУШЫЛАРҒА КЕҢЕСТЕР БЕРІЛДІ

admin_mugalzhar

Мұғалжарлық Батыр ана 12-ші сәбиін дүниеге әкелді

admin_mugalzhar

ҚҰМСАЙДА ТҮЛЕКТЕР СПАРТАКИАДАСЫ ӨТТІ

admin_mugalzhar