«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ҚЫЗМЕТ АЛУШЫЛАРҒА КЕҢЕСТЕР БЕРІЛДІ

Ауылшаруашылық салаларында қызмет көрсететін мемлекеттік органдардың қатысуымен Қандыағаш қаласындағы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында (ХҚКО) «Қызмет алушылар күні» атты іс-шара өткізілді.

Іс-шараны өткізудің негізігі мақсаты — мемлекеттік органдармен көрсетілетін қызметтердің түрлері мен олардың алу тәртібі туралы ақпаратты халық арасында кері байланысты орната отырып, кеңінен насихаттау.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Мұғалжар аудандық аумақтық инспекция басшысы мен Мұғалжар аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімінің, Мұғалжар аудандық ветеринариялық станция мамандары қатысты.

Іс-шарада ауыл шаруашылығы техникасын тіркеу және есепке алу, субсидиялар және басқа ауылшаруашылық салалаларындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша ұйымдастырылып, тұрғындарға тегін кеңестер берілді.

Ұқсас ақпараттар

29 СТУДЕНТТІҢ ОҚУ АҚЫСЫ ТӨЛЕНДІ

admin_mugalzhar

«ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА» ҚОРЫ 10 ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ БАҒДАРЛАМА МЕН ЖОБАНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫП ЖАТЫР

admin_mugalzhar

АРДАГЕРЛЕРГЕ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҚ МЕДАЛІ БЕРІЛДІ

admin_mugalzhar