«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

МҰҒАЛІМНЕН МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІГЕ ДЕЙІН

ӘРБІР ЖУРНАЛИСТІҢ АҚПАРАТ АЛАТЫН «ӨЗ АДАМДАРЫ» БОЛАДЫ. ОЛ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕЛЕРГЕ ДЕ ҚАТЫСТЫ. СҰРАҒАН МӘЛІМЕТ ПЕН РЕСМИ АҚПАРАТТЫ ТЕЗ ӘРІ ТОЛЫҚҚАНДЫ БЕРЕТІН БІРҚАТАР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АУДАНДЫҚ БАСЫЛЫМНЫҢ ТІЛШІЛЕРІМЕН ТЫҒЫЗ ӘРІПТЕСТІК БАЙЛАНЫСТА. ӘРИНЕ, СҰРАҒЫМЫЗҒА ЖАУАП БЕРМЕЙ, ТЕЛЕФОН СОҚСАҚ КӨТЕРМЕЙ, ІЗДЕП БАРСАҢ ҰСТАТПАЙ, ӘЛЕККЕ САЛАТЫНДАР ДА ЖОҚ ЕМЕС. СОЛ СЕБЕПТІ МЕРЕКЕЛЕРІ ҚАРСАҢЫНДА ГАЗЕТПЕН ТЫҒЫЗ ЖҰМЫСТЫҢ ТҮК ТЕ «ҚОРҚЫНЫШТЫ ЕМЕС» ЕКЕНІН, МӘЛІМЕТ БЕРУ ҮШІН УАҚЫТ СОЗУДЫ ҚАЖЕТ ДЕП ТАППАЙТЫН ӨЗ ІСІНІҢ МАМАНДАРЫН СӨЗГЕ ТАРТТЫҚ…

Мемлекеттік қызметшінің міндеті ең алдымен, халыққа қызмет ету деп білетін жанның бірі — Лейла Мусаева. Ол осы салада 18 жылдан бері қызмет етіп келеді.

1968 жылы бұрынғы Ембі совхозы, қазіргі Егіндібұлақ ауылдық округінде дүниеге келген Лейла Мусаева 1985 жылы Ломоносов орта мектебін аяқтап, Орал қаласындағы А.С.Пушкин атындағы педагогикалық институттың филология факультетіне оқуға түсті. Алғаш еңбек жолын Орал қаласында мұғалімдіктен бастады. 2000 жылдарға дейін туған жеріне қайта оралып, Қандыағаш қаласындағы №4 қазақ орта мектебінде ұстаздық қызметін қайта жалғастырды.

2000 жылы мұғалімдікті мемлекеттік қызметке ауыстырып, Егіндібұлақ ауылдық округі әкімдігіне жетекші маман болып жұмысқа орналастым. Кейін бас маман қызметін атқардым. 2007 жылы Жем қаласы әкімі аппаратының бас маманы, 2008 жылдан 2013 жыл аралығында қала әкімінің орынбасары болдым. Кейін штат санының қысқартылуына байланысты қайта бас маман қызметіме оралдым. Міне, осылай мемлекеттік қызметте 18 жылдан бері еңбек етіп келемін, — дейді кейіпкеріміз.

Қазіргі таңда Лейла Закарияқызы Мұғалжар аудандық әкімі аппаратының әскери есеп жөніндегі қызметінде жұмыс жасайды. Ол мемлекеттік қызметтен әрі асып, басқа салаға кету ойында жоғын, алдағы уақытта да осы салада өз үлесін қосуды жалғастыратынын жеткізді. Оның мемлекеттік қызметке келуіне Егіндібұлақ ауылдық округінің бұрынғы әкімі, марқұм Нұрлан Бұрханов ықпал еткен екен.

Қай жерде болсам да халықпен бірлесіп, еліміздің өркендеуі жолында еңбек етіп келемін. Тұрғындардың әлеуметтік жағдайы, қаланыңдамубарысы, аз қамтылған отбасы жағдайы мен жастар саясаты бағытындажұмысжасаудамын. Болашақ ұрпақтың басты міндеті — отанды сүю және елімізді қорғау. Осыны жастарға ұғындыруға атсалысудан жалыққан емеспін, жалықпаймында. Себебі, бұрынғы уақыт пен қазіргі кезеңді салыстыруғакелмейді. Еңбекті жылдарымның көп уақыты Жем қаласында өтті десе де болады. Жем қаласының ыстық-суығын көрдік, ол кезде газ жоқ, су жоқ, көпқабатты тұрғын үйлер жылусыз, сусыз отырды. Қаншама халықпен бірдей сол қиындықты бірге көрдік. Не үйде, не жұмыс орнында жылу болмай, салқын жерде жұмыс жасаған едік. Қазіргі күнімізге қарап, Аллаға шүкіршілік айтамыз. Сондай қиын кезеңде қаламызбен бірге өсіп-өніп келеміз. Қанша қиындықты басымыздан өткерсек те, бірақ еш мойыған емеспіз. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, халықпен бірге бірлесіп жұмыс жасап, алғысын алып, осы күнге жетіп отырмыз. Мемлекеттік қызметте дана да болу керексің, ана да бола білу керексің. Ең бастысы, өз болмысыңмен қарапайымдылық, жауапкершілік, сабырлылық пен төзімділік қажет. Алдыңа келген әр тұрғынның ішкі дүниесіне үңіле біліп, оның жоғын жоқтап, заңаясында келгеншаруасын қанағаттандырып, болмаған жағдайда себебін түйсікке жететіндей етіп түсіндіре білуін қажет, — деді ол.

Билігі мықты елдің — тірлігі құтты. Күн өткен сайын мемлекеттік қызметшіге қойылар талап та, жүктелген жауапкершіліктің ауқымы да кеңейіп келеді. Лейла Мусаева қызметінің жүктелген міндеті зор, қойылар талап қатал болуына қарамастан осы салада еңбек етуден жалыққан емес.

Жұмысым өзіме ұнайды. Сондықтан болар, мен өз ісіме беріліп жұмыс жасаймын. Мемлекеттік қызметте уақытпен санаспай, халық алдындағы жауаптылығың бірінші орында тұруы тиіс. Ерінбей еңбек етсе, сонда ғана нәтиже болады. Өз балаларымнан да соны талап етемін, — деді мереке иесі.

Лейла Закарияқызы жолдасы екеуі бес бала тәрбиелеп отырған аяулыана, адал жар. Балалары жоғары білімді, бірі ұстаздық қызмет атқарса, енді бірі байланыс торабында жұмыс жасайды. Кенжесі мектепте оқиды.

Ұқсас ақпараттар

Ақтөбеде балаларға арналған Президенттік жаңажылдық шырша өтті

admin_mugalzhar

КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙДІҢ ЖӨНДЕУ БАРЫСЫ ҚАРАЛДЫ

admin_mugalzhar

ЕСІРТКІ… ЕРТЕҢІҢ МЕН ЕРКІНДІГІҢНЕН АЙЫРАДЫ!

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.