«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ШАБЫНДЫҚ ЖЕР ЖЕТЕ МЕ?

Аудан бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердің 4168 гектарын шабындық, 1367840 гектарын жайылымдық жер алып жатыр. Одан бөлек босалқы жер қорында 53750 гектар шабындық, 668684 гектар жайылым жер учаскесі бар.

Ауыл шаруашылығы құрылымдарында шабындық жер жеткілікті. Сондай-ақ шөп шабуға маусымдық 3 және 6 ай мерзімге жыл сайын босалқы жер қорынан шаруалардың қажеттіліктеріне қарай, сұраныстарына сай жер беріледі. Атап айтсақ, Ащысай, Жұрын, Еңбек, Батпақкөл, Ақкемер, Қайыңды, Егіндібұлақ ауылдық округтерінде жергілікті тұрғындардың сұранысына сай босалқы жерден, болмаса елді мекендер жерлерінен жаз мезгілінде маусымдық шөп шабу үшін жер учаскелері беріліп отыр, — деді жер бөлімі басшысының міндетін атқарушы Лала Ілиясова.

Шабындық жердің жалға берілу мерзімі мәселесі көпшілікті мазалайтыны белгілі. Алайда Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 36-бабына сай жер учаскелері ел азаматтары мен заңды тұлғаларға уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығымен, шалғайдағы мал шаруашылығы, яғни маусымдық жайылымдар үшін және тұрғын халықтың мал жаюы мен шөп шабуы үшін берілгенімен, жеке меншікке берілмейді екен. Бұған байланысты Президенттің 2016 жылғы 6 мамырдағы №148 Жарлығы шыққан. Ал ұзақ мерзімге алу үшін конкурсқа қатысуға тура келетінін атап өтті. Жер учаскесін беру тәртібі аталмыш Кодекстің 43-бабымен анықталған. Азамат жер учаскесі орналасқан жердегі жергілікті атқарушы органға өтініш берген соң ол жер комиссиясында қаралып, оң қорытынды болған жағдайда өтініш беруші жерге орналастыру жобасын әзірлейді. Соның негізінде әкімдік шешім қабылдап, уақытша жер пайдалану шартын жасайды. Тағы бір ескере кететін жайт, жер учаскесінің құжаттары толық дайын болғанға дейін пайдалануға жол берілмейді. Маманның айтуынша, заңнамаға сай шаруа немесе фермер қожалығының ауыл шаруашылығы өндірісіне арналған жер учаскесі пайдаланбау фактісі алғаш рет анықталған кезден бастап қатарынан екі жыл бойы мақсатына сай пайдаланылмаған жағдайда Жер кодексінің 94-бабында көрсетілген тәртіппен мәжбүрлеп алып қоюға жатады.

А.НАҒАШЫБАЙҚЫЗЫ

Ұқсас ақпараттар

Қазақстанда 50 мыңға жуық адам коронавирустан емделіп жатыр

admin_mugalzhar

ОГНЕБОРЦЫ ПРЕДОТВРАТИЛИ РАСПРОСТРАНЕНИЕ ОГНЯ

admin_mugalzhar

ПОЗДРАВИЛИ СТРАЖЕЙ ЗАКОНА

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.