«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Мұғалжар аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінің мамандары әр апта сайын сауда нысандарын, яғни базарлар, супермаркеттер мен дүкендерді аралайды. Ондағы мақсат — азық-түлік тауарлары бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу және тұрақтандыру мақсатында мониторинг жүргізіп, бағаларын қадағалап отыру.

Мониторинг барысында анықталғандай, жыл басынан бері күріш бағасына – 66 тг (15%), нанға – 32 тг (21%), макарон өнімдеріне – 13 тг (4%), айранға – 20 тг (4%), басты жуаға – 123 тг (84%, б/б 147 тг), сәбізге – 36 тг (22%) өсім байқалды. Сүт пен айран бағасының қымбаттау себебін сала мамандары мониторинг жасалынуы қажет тауарлар түрлеріне сүт пен айранның жұмсақ қораптағы (тетрапакет) түрлері ғана енетінін, ал тұрғындардың басым көпшілігінің қатты қорапта ұзақ мерзімде сақталатын тауарларды алуына байланысты, азық-түлік дүкендерінің жұмсақ қораптағы тауарларды көп мөлшерде әкелмеуімен түсіндірді. Ал көкөніс бағаларының қымбаттау себептерінің бірі деп көкөністің сырттан алынуы көп жағдайда бағаның көтерілуіне алып келуінде деп көрсетті. Сонымен қатар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын төмендету, бағаны тұрақтандыру мақсатында ауданда әр сенбі, жексенбі сайын ауыл шаруашылығы құрылымдарының қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізіледі.

Жәрмеңкеде негізінен ет және сүт өнімдері халыққа нарық бағасынан 15- 20% төмен бағамен сатылуда. Қазіргі кезде нан бағасын тұрақтандыру мақсатында «Алдияр» ЖШС-нің наубайханасы ауданның 129 дүкеніне нанды 85 теңгеден тапсырып, дүкендер 90 теңгеден сатуда. Сонымен қатар аталмыш серіктестік макарон өнімдерін және жартылай дайын өнімдер өндіріп, дүкендерге арзан бағада тапсыруда.

А.МАНАСБАЕВА

Ұқсас ақпараттар

ЖЫЛЫЖАЙ АШАМЫН ДЕУШІЛЕРГЕ КЕҢЕС БЕРІЛДІ

admin_mugalzhar

ҚАЛА ІШІНДЕГІ ЖОЛДАР ЖӨНДЕЛУДЕ

admin_mugalzhar

Биыл 752,7 шақырым жол жөнделеді

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.