«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қазақстан оқушылары халықаралық олимпиададан 33 медаль жеңіп алды

Қазақстан оқушылары математика, химия және информатика пәндері бойынша 30-халықаралық «Туймаада» олимпиадасының жеңімпаздары атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқу-ағарту министрлігінің хабарлауынша, олимпиадаға еліміздің атынан республиканың әр өңірінен 80 оқушы қатысып, 4 алтын, 14 күміс және 15 қола медаль жеңіп алды.

Олимпиадаға Ресей, Румыния, Қазақстан, Сингапур, Индонезия елдерінен 215 оқушы қатысты.

Айта кетері, «Туймаада» олимпиадасы 1994 жылдан бері өткізіліп келеді. Қазақстан жарысқа 2004 жылдан бері қатысады. Олимпиада екі күнге созылып, екі турдан тұрады. Әр турда қатысушыларға 5 астрономиялық сағат ішінде үш-төрт есеп шығару ұсынылады.

«Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін шын жүректен құттықтаймыз!» — делінген министрлік хабарламасында.

Ұқсас ақпараттар

ҚАЛА ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ

admin_mugalzhar

1100-ден астам грант алушылар бақылауды күшейткеннен кейін зейнетақы жарналарын аудара бастады

admin_mugalzhar

Салық кодексіне ұсынылып отырған түзетулерді мұқият талқылаймыз – Мәжіліс төрағасы

admin_mugalzhar