«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Боран, қар мен жаңбыр күтілуде: Қазгидромет демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады

«Қазгидромет» РМК 19-21 наурыз күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған Mugalzhar.kz.
Апта соңында, Қазақстан аумағының басым бөлігі солтүстік-батыс антициклон жотасының ықпалында болады, осыған байланысты аязды, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Алайда, 20 наурызда солтүстік, солтүстік-батыс аймақтарға жаңа жер аудандарынан циклон шұңқыры әсер ете бастайды.
“Циклон біртіндеп оңтүстік-шығыс бағытқа ауысып, 21 наурызда республиканың көп бөлігін қамтиды. Осыған байланысты ауа температурасының жоғарылауы және ауа райының нашарлауы күтіледі – қар, оңтүстік және оңтүстік-шығыста аралас жауын-шашын (жаңбыр, қар), желдің күшеюі, боран. Республика бойынша тұман күтіледі», — делінген синоптиктер хабарламасында.

Ұқсас ақпараттар

«ВЕСЕЛЫЕ СТАРТЫ» ФИНАНСИСТОВ

admin_mugalzhar

ӨРТ — АЙТЫП КЕЛМЕЙТІН АПАТ

admin_mugalzhar

Ақтөбе өңірінде мал иелеріне 144,3 млн теңге өтемақы төленді

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.