«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

«МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының аудандық кезеңінің жеңімпаздары марапатталды. Аудан әкімдігіне өткен салтанатты жиында аудан әкімінің орынбасары Бекболат Құлмағамбетов аудандық кезеңнің жеңімпазы мен жүлдегерлері атанған отбасыларды арнайы Дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапаттады.

Конкурстың негізгі мақсаты — отбасы институтын қалыптастырып, ерлі-зайыптылықтың маңыздылығын арттыру және қазақстандық отбасылардың жағымды имиджін насихаттау басты мақсаты болып табылады. Аудан бойынша жергілікті атқарушы органдарынан және өзін-өзі ұсынған отбасылар тарапынан 8 отбасы өтінім берген болатын.

Байқаудың қорытындысы бойынша І орынды Жұрын ауылдық округінен қатысқан Дүзбаевтар отбасы иеленді. ІІ орынға ембілік Сүндетовтер отбасы ие болды.
Қандыағаш қаласынан сынға түскен Баспаевтар отбасы мен Жем қаласынан қатысқан Оришановтар отбасы жүлделі ІІІ орындарды иеленді.

Аудандық кезеңде жеңімпаз атанған Дүзбаевтар отбасы мен ІІ орынды иеленген Сүндетовтер отбасы Ақтөбе қаласында өтетін облыстық кезеңге жолдама алды.

Ұқсас ақпараттар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық жастар күніне арналған Jastar Fest форумына қатысушыларға үндеу жолдады

admin_mugalzhar

АРДАГЕРЛЕРГЕ ЕСКЕРТКІШ ТАҚТА ОРНАТЫЛДЫ

admin_mugalzhar

В КАНДЫАГАШЕ ЗАПУЩЕНО НОВОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.