«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Кардиолог жүрекке пайдалы үш өнімді атады

Кардиолог Герман Гандельман қан тамырлары мен жүректің жұмысына пайдалы қарапайым әрі қолжетімді өнімдерді атады, деп хабарлайды Gazeta басылымы.
Гандельманның айтуынша, ақжелкен жүрекке пайдалы. Оның құрамында жүректің дұрыс жұмыс істеуіне қажет калий бар, оны кептіріп қолданған дұрыс. Күніне бір ақжелкенді қолдану үш ас қасық калийдің орнын басады. Сондай-ақ дәрігердің сөзінше, диетаға чили бұрышын қосқан жөн.
Чили бұрышын қолданатын адамдарда тамыр жақсы кеңейеді. Тар тамырлар нәзік болады, бұл қан кету қаупін тудырады, күніне бес грамм ащы бұрыш жеу керек, – деді дәрігер.
Дәрігердің айтуынша, скумбрия да жүрек-тамыр жүйесінің жұмысын жақсартуға қабілетті. Бұл майлы теңіз балығы денені атеросклероздың дамуынан қорғайтын полиқанықпаған май қышқылдарына бай.

baq.kz

Ұқсас ақпараттар

Тікелей сайлау жүйесі: аудан әкімдері мен облыстық маңызы бар қала әкімдерін де халық сайлайды

admin_mugalzhar

118 ОТБАСЫ, 604 АДАМ АӘК АЛАДЫ

admin_mugalzhar

ЗЕЙНЕТКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ СПАРТАКИАДА ӨТТІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.