«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қазақстаннан Еуропаға визалық режим жеңілдеуі мүмкін

Қазақстаннан Еуропа одағы елдеріне баратын азаматтарға визалық режим жеңілдеуі мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ҚР Премьер-Министрінің орынбасары–Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің 14-15 мамырда Бельгияға жұмыс сапары барысында Еуропа одағының жоғары деңгейдегі лауазымды тұлғаларымен кездесулер болды. Оның қорытындысы негізінде қазақстандықтар үшін визалық жеңілдетуді іске асыру бойынша консультацияларды бастау туралы уағдаластыққа қол жеткізілді», — делінген Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің «ҚазАқпарат» агенттігіне берген жауабында.

23 мамырда Сыртқы істер министрлігінің ғимаратында өткен «Қазақстан Республикасы – Еуропа одағы» ынтымақтастық комитетінің 20-шы отырысы аясында Еуропа одағының назарына аталған уағдаластыққа сәйкес ресми консультацияларды бастауға Қазақстан жағы дайын екені туралы ақпарат берілді.

«Енді еуропалық тараптан визалық режимді жеңілдету алгоритмі мен тетігі бойынша тисті жауап берілмек. Бұл тұрғыда келіссөздер жалғасып жатыр», — деп аталып өткен министрлік мәліметінде.

Бұдан бұрын хабарланғандай, биыл мамыр айында Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Брюссельге жұмыс сапары аясында Ішкі істер бойынша Еуропалық комиссар Ильва Йоханссонмен кездесу өткізді.

Келіссөздер нәтижесінде тараптар Қазақстан азаматтары үшін визалық режимді жеңілдету туралы ресми консультацияларды бастау жөнінде уағдаластыққа қол жеткізді.

Атап айтқанда, Қазақстан 30-дан астам мемлекетпен визалық режимді жеңілдету келіссөзін жалғастырып жатыр.

Ұқсас ақпараттар

АУДАНДА ЖАЙЛЫ МЕКТЕП САЛЫНАДЫ

admin_mugalzhar

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА 10 КҮН ҚАЛДЫ

admin_mugalzhar

МӘДЕНИЕТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ЕСЕП БЕРДІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.