«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АУДАН ӘКІМІ МЕРДІГЕР МЕКЕМЕ БАСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Аудан әкімі Дархан Ермағанбетов аудан аумағында жол, құрылыс саласында жұмыс атқарып жатқан мердігер мекеме басшыларымен кездесті.

Кездесу барысында аудан әкімі аудан көлемінде атқарылып жатқан жұмыстарды пысықтады. Кездесуге қатысқан мердігер мекеме басшылары өздеріне жүктелген міндеттердің орындалуы барысы туралы баяндады.

Аудан басшысы Дархан Жанысханұлы мемлекет тарапынан бөлінген қаржының уақтылы игерілуін, жасалып жатқан жұмыстардың сапасы мен белгіленген уақытта халық игілігіне берілу керектігін және мердігерлерге келісім шарт бойынша белгіленген уақытта жұмыстарды аяқтауды тапсырды.

Барлық мердігерлерге жан-жақты қолдау көрсетілетінін жеткізген аудан әкімі жұмысты уақтылы бітіруді және тиянақты жасауды баса айтып, тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.

Ұқсас ақпараттар

МҰХАММЕДТІҢ ЖҮЛДЕСІ

admin_mugalzhar

Макура СЕЙСОВА, Желтоқсан оқиғасына қатысушы: ЖЕЛТОҚСАН ЖАҚЫНДАҒАНДА АЛАЙ-ДҮЛЕЙ КҮЙ КЕШЕМІН

admin_mugalzhar

Ақтөбеде 10 жаңа автобус қалалық бағытқа шығады

admin_mugalzhar