«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ШАРУА ҚОЖАЛЫҚТАРЫ ЭЛЕКТР ЖЕЛІСІМЕН ЖАБДЫҚТАЛАДЫ

Аудан аумағында орналасқан үш шаруа қожалығына «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы аясында электр желісі тартылады. Аталған жұмыстарға бюджеттен 158 млн теңге көлемінде қаржы бөлінген.

Атап айтатын болсақ, Жұрын ауылындағы «Береке Ж», Ақкемер ауылындағы «Мирнурбек», Қаракөл ауылындағы «Берекет», Мұғалжар ауылындағы «Заря» шаруа қожалықтары 10 кв электр желісімен жабдықталмақ.
Шаруа қожалықтарына электр желісін тарту жұмысын «Наби Альяс» ЖШС-і жүргізеді.  «Береке Ж» шаруа қожалығына тартылатын электр желісінің ұзындығы 10,7 шақырымды, «Мирнурбек» шаруа қожалығына тартылатын электр желі-сінің ұзындығы 9,1 шақырымды, «Берекет» шаруа қожалығына тартылатын электр  желісі 6,7 шақырымды, Мұғалжар ауылындағы «Заря» шаруа қожалығына тартылатын электр желісі 6,1 шақырымды құрайды. Электр жарығын тарту жұмыстары екі ай көлемінде болады. Мердігер мекеменің басшылығы жұмысты қазан айында аяқтаймыз деп отыр, — деді Анес Сейілхан.

Н.ТІЛЕП

Ұқсас ақпараттар

Коронавирустың мамыр айында жойылатыны рас па — маман жауабы

admin_mugalzhar

МҰҒАЛЖАРДАН НҰР-СҰЛТАНҒА ЕТ ӨНІМДЕРІ ЖЕТКІЗІЛДІ

admin_mugalzhar

Виталий Колточник: Жаңа Конституция – мемлекеттің басқару жүйесін жаңартатын шешуші қадам

admin_mugalzhar