«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

СПОРТ АЛАҢЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Бірлік ауылында жаңадан салынған спорт алаңы пайдалануға берілді. Жаңа спорт алаңы бұқаралық спорттың алға өрлеуіне үлес қосатын болады.

Спорт алаңының ашылуына орай шағын футболдан жарыс ұйымдастырылды. Жарысқа Бірлік, Жағабұлақ, Саға, Қожасай ауылдарынан 6 команда қатысты. Жарыстың қорытындысы бойынша жеңімпаз бен жүлдегер атанған командалар кубоктармен, медальдармен және дипломдармен марапатталды.
Спорт алаңын орнату жұмыстарын «Жайық Сити» ЖШС-і жүргізді.

Спорт алаңында ауыл жастары спорттың бірнеше түрімен айналысып, бос уақыттарын тиімді пайдалана алады.

Ұқсас ақпараттар

АЕК: 162 ОТБАСЫНЫҢ 825 АДАМЫНАН ӨТІНІШ ТҮСКЕН

admin_mugalzhar

САҒА АУЫЛЫНДА СПОРТ АЛАҢЫ САЛЫНУДА

admin_mugalzhar

МҰҒАЛЖАР АУДАНДЫҚ МӘДЕНИЕТ КҮНДЕРІ БАСТАЛДЫ

admin_mugalzhar