«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ҚАРАКӨЛ АУЫЛЫНДА ӨРТ СӨНДІРУ БЕКЕТІ САЛЫНАДЫ

Тамыз айында басталатын құрылыс жұмыстарына бюджеттен 220,1 млн теңге бөлінген. Бұл туралы аудандық сәулет және құрылыс бөлімі басшысының міндетін атқарушы Әнес Сейілхан айтты.
Салынатын орман өрт сөндіру станциясы ғимаратының жалпы көлемі 358 шаршы метрді құрайды. Құрылыс жұмыстарын жүргізуді «Мұнайқұрылыс» ЖШС-і өз жауапкершілігіне алған.
— Мердігер мекеме құрылыс жұмысын 6 ай көлемінде аяқтауды жоспарлап отыр. Ал авторлық қадағалауды «МұнайГазИнжиниринг» ЖШС-і, техникалық қадағалауды «ТранзитПром» ЖШС-і жүргізеді, — деді Анес Сейілхан.
Ауыл әкімі Руслан Бисенбин Өрт сөндіру бекетінің құрылысы аяқталғаннан кейін ауылдан 6 адамды жұмыспен қамтуды жоспарлап отырғанын, ал техникалық базасын жабдықтау үшін бюджеттен қосымша қаржы сұралатынын жеткізді.

А.ІЛИЯС

Ұқсас ақпараттар

Қазақстанның әскери қызметшілерін әлеуметтік қолдау: 2025 жылы не өзгерді?

admin_mugalzhar

Қазақстанда 2022 жылдан бастап балалар игілігінің индексі енгізіледі

admin_mugalzhar

2024 жылдың қорытындысы бойынша шамамен 1,4 млн адам МӘСҚ-тан әлеуметтік төлем алды

admin_mugalzhar