«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

БҰЛАҚТЫ АУЫЛЫНДА СПОРТ АЛАҢЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Бұлақты ауылында жаңадан салынған спорт алаңы пайдалануға берілді. «Ауыл- ел бесігі» бағдарламасымен салынған спорт алаңының ашылу салтанатына аудан әкімі Дархан Ермағанбетов, мекеме басшылары және ауыл тұрғындары қатысты.

Спорт алаңының ашылуына орай әр жылдары мектеп бітірген түлектері арасында футболдан жарыс ұйымластырылды. Жарысқа 10 команда қатысты. Жарысқа қатысушы командаларға аудан басшысы сәттілік тіледі.

Тартысты өткен ойындардың қорытындысы бойынша жеңімпаз бен жүлдегер атанған командалар кубоктармен, медальдармен және дипломдармен марапатталды.

Спорт алаңын орнату жұмыстарын «Жайық Сити» ЖШС-і жүргізді. Пайдалануға берілген спорт алаңында ауыл жастары спорттың бірнеше түрімен айналысып, бос уақыттарын тиімді өткізетін болады.

Ұқсас ақпараттар

Жастар жылы мәресіне жетті

admin_mugalzhar

Илья Мизерных жасөспірімдер олимпиадасының чемпионы болды

admin_mugalzhar

25-26 қаңтарда «Өңірлік мерзімді басылымдар» форумы өтеді

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.