«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

УАҚЫТЫЛЫ ЕКПЕ АЛУ МАҢЫЗДЫ

Аудан әкімдігінде аудан әкімі Дархан Ермағанбетовтың төрағалығымен жұқпалы ауруларға қарсы жұмыс жүргізудегі өзекті мәселелерге қатысты жиын өтті.

Жиынға қалалық және ауылдық округ әкімдері, бөлім басшылары, денсаулық сақтау мекемелерінің басшылары қатысты. Бүгінгі таңда ауданда балаларына екпе алудан бас тартқан ата-аналар көбейген. Дер кезінде екпе алмаған балалар уақыт өте түрлі ауруға ұшырауы және өзге бүлдіршіндерге жұқтыруы әбден мүмкін.

Жиында тұрғындар арасында екпеге қатысты түсіндіру, санитарлық-ағарту жұмыстарын жандандыру қажеттігі, екпеден кейінгі күтіну жолдары туралы, вакциналаудың пайдасын насихаттауды күшейту қажеттігі талқыланды.

Жиын барысында қажы, ҚР еңбегі сіңген дәрігер, Мұғалжар ауданының құрметті азаматы, «Шапағат» ауруханасыңың бас дәрігері А.Адаев өз ұсыныстарын білдірді. Аудан басшысы жауапты мекеме басшыларына күн тәртібінде қаралған мәселеге қатысты бір қатар тапсырмалар жүктеді.

Ұқсас ақпараттар

ҚАНДЫАҒАШТЫҚ СПОРТШЫЛАР ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНАН КӨРІНДІ

admin_mugalzhar

ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ АУДАНҒА КЕЛДІ

admin_mugalzhar

САҒАШИЛІКТЕР ДЕ ТАҢДАУ ЖАСАУҒА БАРДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.