«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

«АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫНЫҢ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ЖОЛДАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

Тұрғындарды кәсіпкерлікке тарту, жеке қосалқы шаруашылықтарды дамыту, сол арқылы жаңа жұмыс орындарын құру, азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуды мақсат еткен «Ауыл аманаты» жобасы ауданда белсенді жүзеге асырылуда.

Қазіргі таңда жобаны қаржыландырудың негізгі операторы — «Ақтөбе» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы. Осыған орай «Ақтөбе» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының мамандары аудан әкімі Дархан Ермағанбетов бастаған ауданға қарасты ауылдық округ әкімдерімен кездесті.

Кездесуде «Ауыл Аманаты» жобасының негізгі мақсаты – ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді жан-жақты қолдау, ауыл тұрғындарын аграрлық бизнеске барынша тарту, азық-түлік қауіпсіздігі және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға байланысты мәселелерді шешу жолдары талқыланды.

Сондай-ақ «Ақтөбе» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының мамандары округ әкімдеріне ауыл-аймақтарда тұратын тұрғындарға бағдарламаның тиімділігі мен талаптарын түсіндіру жолдарын айтып, ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Округ әкімдерінің «Ауыл Аманаты» жобасының қаржыландыру және құжаттарды тапсыруға қатысты толғандырған сауалдарына жауап берді.

Ұқсас ақпараттар

КІТАПХАНАШЫ – МӘРТЕБЕЛІ МАМАНДЫҚ

admin_mugalzhar

24 наурызда тұман, жел және су тасқынына байланысты бірнеше өңірде ескерту жасалды

admin_mugalzhar

ЖАҢА ҮЙЛЕР БИІК ЖЕРДЕ САЛЫНУДА

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.