«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

«ЖАСТАР ТӘЖІРИБЕСІ»: 128 МАМАН ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫ

Жұмыссыз жүрген жастарды жұмыспен қамтып, тәжірибе жинауға мол мүмкіндік беретін «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы арқылы биыл жалпы саны 366 мұғалжарлық жасты жұмыспен қамту жоспарланған.

«Мансап» орталығының мамандары «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының 3-ші бағыты саналатын «Жастар тәжірибесі» бағдарламасынан іс тәжірибеден өтетіндерге айына 103 500 теңге көлемінде еңбекақы төленетінін айтты.

«Жастар тәжірибесі» — оқуды аяқтаған соң 5 жыл ішінде алған кәсібі немесе мамандығы бойынша жұмысқа орналасуды жүзеге асыратын еңбек қызметінің түрі. Түлектерді жұмысқа бейімдеу мақсатында ұйымдастырылатын бағдарламаға техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары оқу орындарын аяқтаған түлектер қатысады. Тәжірибеден өтетін уақыттың ұзақтығы 12 айдан аспайды. 2003 жылы аталған бағдарлама аясында Мұғалжар ауданы бойынша 366 жасты жұмыспен қамту жоспарланған болса, бүгінде 128 жас маман жұмысқа орналасты, — деді «Мансап» орталығының директоры Ғалым Дәрімбетов.

Н.АБАТ

Ұқсас ақпараттар

Елімізде қай пәннің мұғаліміне сұраныс көп?

admin_mugalzhar

ҚҰРТ АУРУЫН 25 АДАМ ЖҰҚТЫРҒАН

admin_mugalzhar

САЙЛАУ: ГАЗЕТ БЕТІНЕН ОРЫН БЕРУ ТӨЛЕМІНІҢ МӨЛШЕРІ, ШАРТТАРЫ МЕН ТӘРТІБІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.