«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АЩЫСАЙДЫҢ ТӘТТІ ҚАРБЫЗЫ

Соңғы жылдары ауыл тұрғындары егіншілікпен айналысып, ауылшаруашылық саласын дамытып, жергілікті өнімдерді көбейтіп жүр. Ащысай ауылында тұратын жеке кәсіпкер Нұрболат Хамадинов ауыл аумағындағы суармалы жерлерді игеру мақсатында көктем айларында 5 гектар жерге қарбыз еккен еді.

Күзгі жиын-терін науқанында егіні бітік шыққан ол өнімдерін алыс-жақынды елді мекендерге саудалауда.

Егістік алқабын тамшылатып суару әдісімен суардық. Шүкір, берекелі болды. Өнімдерімізді күн сайын Ақтөбе, Ембі, Қандыағаш қалалары мен шағын елді мекендерге, дүкендерге және жексенбі-сенбі күні өтетін жәрмеңкелерге жөнелтіп отырамыз. Өткен жылы 2 гектар жерге егін еккен едім. Биыл аумағын үлкейтіп, 5 гектар жерге тұқым септім. Келер жылы суармалы алқапты кеңейтуді жоспарлап отырмын. Қарбыз егу жұмыстарына уақытша ауыл жастарын тарттым, — деді диқан.

А.АЛТЫБАЕВА

Ұқсас ақпараттар

Ғылымды дамыту – маңызды қадам

admin_mugalzhar

Премьер-министр Әлихан Смайылов азық-түлік бағасының өсуіне байланысты әкімдерге ескерту жасады

admin_mugalzhar

ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАРҒА ЖАҒДАЙ ЖАСАЛУЫ ТИІС

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.