«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

МҰҒАЛІМДЕР ШИПАЖАЙДА ТЕГІН ЕМДЕЛУДЕ

2022-2023 оқу жылында аудан бойынша 100-ден астам мұғалім ел аумағындағы шипажайларда тегін емделіп келді. Бұл туралы аудандық білім бөлімінің кәсіподақ ұйымдарының төрағасы Жұмагүл Жұмабаева айтты.

«Педагог мәртебесі туралы» заң қабылданғалы мұғалімдердің еңбекақысын өсірумен қатар, жалпы әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Аталған заңның жаңа нормаларында педагогтерге тұрғын үйді жалдауға және коммуналдық қызметтерге өтемақы төлемдерін, санаторийлік-курорттық емделуге және демалуға жолдама алуға өзге де жеңілдіктерді алуға құқық берілген.

Қазіргі таңда Кәсіподақ ұйымының құрамында 3578 адам бар. Өткен оқу жылының қорытындысы бойынша, жазғы каникул кезінде санаторийлік-курорттық емделуге жалпы саны 101 мұғалім жолданды. Атап айтатын болсақ, аудандық кәсіподақ есебінен 95 мұғалім, облыстық кәсіподақ есебінен 6 мұғалім жолданды. «Айша Бибі» сауықтыру орталығына 40 адам, Мерке қаласына 20 адам, «Шипагер» сауықтыру орталығына 25 адам, Щучинск қаласына 9 адам, «Денсаулық» сауықтыру орталығына 1 адам барып, демалып, емделіп келді. Алдағы уақытта мұғалімдерді сауықтыру жұмысы жүйелі жүргізілетін болады, — деді кәсіподақ ұйымының төрағасы Жұмагүл Жұмабаева.

Жолдамамен «Щучинск» шипажайында демалып келген Көтібар батыр атындағы негізгі орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі А.Жарылқағанова кәсіподақ ұйымына алғысын білдірді.

Мен 23-29 шілде аралығында Көкшетау қаласындағы шипажайға барып, емделіп, бір жағынан демалып келдім. Көкшенің сұлу табиғатының аясында өте керемет демалыс болды. Ақтөбе облыстық кәсіподақ төрағасы Р.Барманова мен Мұғалжар аудандық кәсіподақ төрағасы Ж.Жұмабаеваға шексіз алғысымды білдіремін, — деді ол.

Н.ТІЛЕП

Ұқсас ақпараттар

Қазақстанның төрт қаласында ауаның жоғары ластануы күтіледі

admin_mugalzhar

ОҚУШЫЛАР ҚАЙТА МЕКТЕПКЕ БАРДЫ

admin_mugalzhar

Жаңа қаулы: Оқушылар мектепке оралады

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.