«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ӘРІПТЕСТЕРІН ЕСКЕ АЛДЫ

ҚАНДЫАҒАШ ҚАЛАСЫНДА МҰҒАЛЖАР АУДАНДЫҚ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНІҢ АРДАГЕРЛЕРІ МЕН ЗЕЙНЕТКЕРЛЕРІ ДҮНИЕДЕН ӨТКЕН ӘРІПТЕСТЕРІНЕ АРНАЙЫ ҚҰРАН БАҒЫШТАП, АС БЕРДІ.

Аталған шараға аудандық полиция бөлімінің ардагерлері мен зейнеткерлері, қаза тапқан жандардың жақындары қатысты. Еске алу кешінде қаза тапқан азаматтардың аттары аталып, марқұмдардың рухына құран бағышталды. Еске алу кешінде ардагерлер әріптестерінің қызмет бабындағы ерліктері туралы айтып, жадыларында сақталған ыстық естеліктерімен бөлісті. Сондай-ақ қаза тапқандар жайлы арнайы видеоролик көрсетілді. Кешті ұйымдастырушылардың бірі Мұғалжар аудандық полиция бөлімінің ардагерлер кеңесінің төрағасы Бибітхан Омаров қаза болғандарды еске алып, құрмет көрсету — жас буын қызметкерлерге үлгі болатынын тілге тиек етті.

Қай кезде де алғы шептен табылатын әріптестеріміздің еңбегі зор. Қызметтік борышын атқару барысында болсын, түрлі жағдайларда болсын, жұмысының бейнетін көріп, зейнет жасында отырған шағында қаза тапқан азаматтарды еске алу, рухына тағзым ету — біздің міндетіміз, — деді ол.

А.ДАРХАНҚЫЗЫ

Ұқсас ақпараттар

АТЫМТАЙ АЛҒЫС АРҚАЛАҒАН

admin_mugalzhar

Қазақстанда 14 мыңнан астам шетелдік азамат еңбек етеді

admin_mugalzhar

ЖАРКЕМЕРГЕ ГАЗ ТАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.