Сабақтың басталуына санаулы күн қалды. Жалпыға бірдей мектепке дайындық науқанынан газет тілшілері де қалыс қалмады. Олай дейтініміз, өткен нөмірде журналистер сауда орындарын аралап, оқушылардың мектеп формасын түгендеп, нарықтағы бағаға бағдар жасаса, араға апта салып, аудандық білім бөліміне хабарласып, формасы түгенделген оқушының білім алатын ордасы туралы сұрап білді. Сонымен…
37 МЕКТЕПТЕ 12 627 БАЛА ОҚИДЫ
Аудандажалпы саны 37 мектеп бар. Оның 2-еуі бастауыш, 11-і негізгі, 24-і орта мектеп. 2023-2024 оқу жылында осы аталған мектептер 12 627 оқушыға есіктерін айқара ашпақ. Аудандық білім бөлімі мамандарының берген мәліметіне сүйенсек, осы оқу жылында 1-сыныпқа 1240 бала қабылданған.
— Оқу жылында аудан аумағында орналасқан 2 бастауыш мектепте 27 бала, 11 негізгі мектепте 278 бала, қалған балалар 24 орта мектепте оқиды деп жоспарлап отырмыз. Аудан бойынша 1-4 сынып аралығында — 5595 бала, 5-9 сынып аралығында — 5922, 10- 11 сынып аралығында -1110 бала бар. Жалпы саны 12 627 оқушының оның 10854-і қазақ тілінде, 1773-і орыс тілінде білім алады. Биыл мектеп табалдырығын аттайтын бүлдіршіндердің құжаттары электронды eaktobe.kz базасы арқылы қабылданды. Олардың 1073- і қазақ сыныбына, 167-сі орыс сыныбына оқуға өтініш берді, — деді аудандық білім бөлімінің басшысы Бахраман Аманжол.
АУДАН МЕКТЕПТЕРІНЕ 16 МҰҒАЛІМ ҚАЖЕТ
Қазіргі таңда аудан бойынша білім беру ұйымдарында 2106 педагог бар. Оның ішінде мектепке дейінгі ұйымдарда — 267, қосымша білім беру ұйымдарында — 72, жалпы орта білім беру ұйымдарында — 1767 маман қызмет етіп келеді. Білім бөлімінің басшысы жалпы білім беретін мектеп педагогтерінің 80,4 пайызының білімі жоғары екенін жеткізді. Ал оның 70 пайызы жоғары санатты ұстаздар.
— Жаңа оқу жылында аудан мектептеріне жас мамандарды қабылдауды жоспарлап отырмыз. Бүгінгі таңда мектептерге 16 маман жетіспейді. Айталық, 2 физика, 3 математика, 2 химия, 3 орыс тілі мен әдебиеті, 1 музыка, 1 биология, 1 ағылшын тілі пәнінің мұғалімдерінің орны бос тұр. Алдағы уақытта осы орындарға жас мамандарды қабылдаймыз. Сонымен бірге 1 бастауыш сынып мұғілімі де қажет, — деді Бахраман Қуанышұлы.
МЕКТЕП ПЕН БӨБЕКЖАЙ-БАҚША КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТУДЕ
Өткен жылы Қандыағаш қалалық №2 орта мектебі, Ембі қалалық №7 орта мектебі және Жем қалалық №3 Аула клубы күрделі жөндеуден өткен болатын. Ал биыл Жаңатұрмыс негізгі орта мектебі мен Қандыағаш қаласындағы «Күншуақ» бөбекжай-бақшасына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Ал қалған білім ошақтарында ағымдағы жеңіл жөндеу жұмыстары жасалуда.
—Қ.Жұбанов атындағы ауылдық округке қарасты Жаңатұрмыс ауылындағы Жаңатұрмыс негізгі мектебіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін бюджеттен 59 млн 468 мың теңге бөлінген. Жөндеу жұмыстарын «Тілек 2030» ЖШС-і жүргізуде. Бұл жұмыстардың аясында мектептің шатыры, есіктері мен терезелері, едендері, электр желілері жаңартылуда. Ішкі жөндеу жұмыстары жоспар бойынша тамыз айының аяғында аяқталып, қыркүйекте балаларға есігін ашатын болады. Ал сыртқы жөндеу жұмыстары 10 қыркүйекте аяқталады. Бүгінгі таңда аталған мектепте 40-қа жуық оқушы білім алып, 18 мұғалім қызмет атқарады, — деді білім бөлімінің басшысы.
Қазіргі таңда «Күншуақ» бөбекжай-бақшасында күрделі жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Жөндеу жұмыстары қазан айында аяқталады деп жоспарлануда.
ПӘН КАБИНЕТТЕРІ МОДЕРНИЗАЦИЯЛАНУДА
Оқушылардың ақталады деп жоспарлануда. ой-өрісін дамыту мен мұғалімдердің біліктілігін арттырудан бөлек мектептердің материалдықтехникалық базасы мықты болғаны абзал. Бүгінде аудан аумағындағы білім ошақтарының материалдық базасын жаңғырту мақсатында бірқатар жұмыстардың атқарылып жатқанын да жеткізді білім бөлімінің мамандары. Атап айтсақ, Құмсай жалпы білім беретін орта мектебі химия, биология, Қайыңды жалпы білім беретін орта мектебі физика, Саға жалпы білім беретін орта мектебі биология, Қожасай негізгі орта мектебі химия, биология кабинеттерімен жабдықталуда. Аталған кабинеттерді жабдықтау үшін бюджеттен қомақты қаржы бөлінген.
—2023-2024 оқу жылына модернизация бойынша пәндік кабинеттерге жалпы сомасы 14 млн 700 мың теңге қаражат бөлінді. Ал мектеп жиһаздарына 36 млн 480 мың теңге, кітапхана жиһаздарына 3 млн 464 мың теңге, асхана жабдықтарына 3 млн 192 мың теңге қаражат жұмсалды. Аталған кабинеттер жаңа оқу жылында қолданысқа беріледі. Енді ауыл мектептерінің оқушылары аталған пәндерді тереңірек меңгеретін болады, — деді Бахраман Аманжол.
6 МЕКТЕП, 2 СПОРТ ЗАЛ САЛЫНУДА
Аудан аумағында жалпы саны алты мектептің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Биыл пайдалануға Темір көпір стансасындағы 60 орындық жаңамектепберіледі. Оның құрылысына 415,5 млнтеңгебөлінген. Құрылыс жұмыстарын «Град Строй Сервис» ЖШС-і жүргізуде.
— Аудан аумағында бұдан өзге тағы бес мектеп салынуда. Айталық, Талдысай ауылында 100 орындық, Қандыағаш қаласының «Самал» шағын ауданында 600 орындық, Ембі қаласында 320 орындық, Алтынды ауылында 60 орындық жаңа мектеп құрылыстары жүргізілуде. Талдысай ауылынан салынып жатқан жаңа мектептің құрылысын «SCS Инжиниринг» ЖШСі, Қандыағаш қаласының «Самал» шағын ауданында салынып жатқан 600 орындық жаңа мектептің құрылысын «ARS BUILDING» ЖШС — і , Ембіқаласындағы салынып жатқан мектептің құрылысын «РУСТАЛ» ЖШС — і , Алтынды ауылындағы 60 орындық жаңа мектеп құрылысын «Ер Қанат Сервис» ЖШС-і жүргізуде, — деді ауданның бас педагогі.
Айта кететін жайт, аталған мектептерді салуға облыстық құрылыс басқармасы тапсырыс берген. Білім бөлімінің басшысы Бахраман Аманжолұлы осы жылы Ащысай ауылдық округінің орталығында 60 орындық жаңа мектептің құрылысы басталатынын айтты. Қаракөл ауылындағыА.Жұбанов атындағы жалпы орта мектебі жәнеЕмбіқалалық№7 жалпыорта білімберетінмектебінде спорт зал салынуда.
Бүгінде құрылысжұмыстарықарқындыжүріпжатыр. Аталған екі нысанды салуды «ГрадСтройСервис» ЖШС-і өз жауапкершілігіне алған. Спортзалдар осы жылдың тамыз айында толықтай ақталады деп жоспарлануда.
ОҚУЛЫҚҚА 135 784 300 ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ
Аудан бойынша мектеп оқушыларынажаңа оқужылында оқулық сатып алу үшін 135 784 300 теңге қаржы бөлінді. Бұл туралы аудандық білім бөлімінің басшысы айтты.
—Жергілікті бюджеттен оқулықтар мен көркем әдебиетті сатыпалуғақомақтықаржыбөлінді. 2023-2024 оқу жылына 46 747 дана оқулықтар мен оқу әдістемелік құралдарға тапсырыс берілді. Бұл оқулықтар қосымша қажеттілік бойынша жоспарланған. Республика бойынша 15 баспаханамен келісімшартқа отырдық. Олар «Сатр», «НИШ», «Мектеп», «Мазмұндама», «Қазақэнциклопедия», «Атамұра», «АрманПВ», «Келешек», «Оксфорд», «Фолиант», «Едустрим», «Алматыкітап», «Аль-наир» т.б. Оқулықтар 26 тамызға дейін толық тасымалданатын болады, — деді ол.
Оның сөзінше 1-11 сынып оқушылары оқу жылының басына дейін 100% тегін оқулықтармен қамтамасыз етіледі. Оқушылар жоғарыда аталған баспаханалардың кітаптарымен оқиды.
Нұрғаным КЕСІКҚҰЛ