«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЖОСПАР: 5500 БАЛАНЫ ЫСТЫҚ ТАМАҚПЕН ҚАМТУ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің сайлауалды бағдарламасында бастауыш сынып оқушылары ның барлығы ыстық тамақпен қамтылатынын айтқан еді. Аталған тапсырмаға сәйкес, аудан бойынша жаңа оқу жылында әлеуметтік мәртебесіне қарамастан бастауыш сынып оқушыларын тегін тамақтандыру жоспарлануда. Бұл туралы аудандық білім бөлімінің мамандары хабарлады.

Бұған дейін еліміздің мектептерінде тек әлеуметтік аз қамтылған отбасы балалары ғана тегін тамақтанып келген еді. Енді 1 және 4-сыныпқа дейінгі балалардың барлығына асханада бір реттік ыстық тамақ тегін беріледі. Ел бойынша мектеп асханаларында тегін тамақтанудың орташа құны 577 теңгені құрайды екен. Ал ауданда оқушыларды ыстық тамақтандыру бойынша жұмыстар жүйелі жүргізілуде.

Бұл бастама өз кезегінде балалардың денсаулығына, жақсы дамуына, оқу үлгерімін және әлауқатын жақсартуына оң әсерін беретіні сөзсіз. Осыған орай, бастауыш сынып оқушыларына ыстық тамақ беру үшін жұмыстар ұйымдас — тырылуда. Аудан бойыншашамамен 5500 бала ыстық тамақпен қамтылады деп жоспарлап отырмыз. Әлеуметтік көмек бойынша балалардың құжаттары жинақталып, дайындалуда, — деді аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Медет Шарипов.

Н.ТІЛЕП

Ұқсас ақпараттар

Қазақстандықтар зейнетақы шотында ақшасы азайғанына шағымданып жатыр

admin_mugalzhar

Наурызда қазақстандықтар қанша күн демалады?

admin_mugalzhar

В NASA назвали дату первого полета вертолета на Марсе

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.