«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН СЫНҒА ТҮСТІ

ЖасStar дене шынықтыру және сауықтыру спорт кешенінде Конституция күніне орай үстел теннисінен ерлер арасында аудан біріншілігі өтті. Біріншілікке 20-ға жуық қатысушы қатысты.

Тартысты өткен ойындардың қорытындысы бойынша І орынды Аслан Шуленов иеленді. ІІ орынға Айдын Алдаберген иеленді болса, ІІІ орын Абат Жалимовке бұйырды. Сонымен қатар Б.Алтынбаев «Үздік ардагер спортшы», М.Зейнулла «Ең үздік техника», М.Мұңайтбасов «Жеңіске деген жігері үшін» номинацияларымен марапатталды.

Жеңімпаз бен жүлдегер атанғандарды дипломдармен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Талғар Абдірзақ пен Қандыағаш қаласының мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Қарасай Омаров марапаттады.

Ұқсас ақпараттар

НАУРЫЗ АЙЫ БОЛҒАНДА, ТОЙ БОЛЫП ЖАТЫР БҰЛ МАҢДА

admin_mugalzhar

МҰҒАЛЖАР АУЫЛЫНДА ТЕМІРЖОЛ АРДАГЕРЛЕРІНІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ЕСКЕРТКІШ АШЫЛДЫ

admin_mugalzhar

«Фишингтің жаңа толқыны — Сіздің Айфондарыңызды онлайн ұрлауда»

admin_mugalzhar