«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ҰСЫНЫСТАРЫ ОРЫНДАЛДЫ

Аудан әкімі Д.Ермағанбетовтың Батпақкөл ауылдық округі Саға ауылының тұрғындарымен кездесуі барысында көктемгі су тасқыны кезінде қиындық ететін ауылішілік қатынасты реттеу мақсатында адамдар жүретін көпір салып беруді сұраған болатын. Аудан басшысы бұл мәселе бойынша округ аумағындағы кәсіпорындармен келіссөздер жүргізді.

Нәтижесінде тұрғындардың ұсыныстары ескеріліп, округ әкімі М.Боқашевтың ұйымдастыруымен «СНПС Ақтөбемұнагаз» АҚ-на қарасты құрылыс басқармасының демеушілігімен көпірдің құрылыс жұмыстары жүргізілді. Құрылыс жұмыстарына 6 техника, 17 жұмысшы жұмылдырылды. Құрылыс жұмыстары толық аяқталып пайдалануға берілді.

Ұқсас ақпараттар

Қорғаныс министрі Ақтөбе гарнизонында болды

admin_mugalzhar

15 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

admin_mugalzhar

«АУЫЛ АМАНАТЫ» — ТҰРҒЫНДАР ҮШІН ТИІМДІ ЖОБА

admin_mugalzhar