«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АҚКЕМЕРДЕ «COWORKING» ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

“Мұғалжар аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі” ММ-не қарасты Ақкемер ауылдық модельді кітапханасы жанынан аудан бойынша үшінші «Coworking» орталығы ашылды.

Салтанатты жиынға аудан әкімі Дархан Ермағанбетов, Мұғалжар ауданының құрметті азаматы Аманкелді Шунимов, кітапхана ардагері Ғалияш Жанесова және ауыл ақсақалдары мен кітапхана жанашырлары қатысты.

Ауылдық кітапхана енді тек қызмет көрсету мекемесі ғана емес, ауыл тұрғындары үшін зияткерлік демалыс орнына айналып отыр. Орталықта кез-келген адамға өзінің сүйікті ісімен айналысуына, жастардың шығармашылық, интеллектуалдық әлеуетін арттыруға, ең бастысы кітапханаға келушілердің бос уақытын тиімді әрі пайдалы өткізуіне бар жағдай жасалынған. Ең маңыздысы – орталықтың барлық қызметтері — тегін.

Ұқсас ақпараттар

Елімізде қай қаланың тұрғындары ұзақ өмір сүретіні анықталды

admin_mugalzhar

ӨМІРІ ЕҢБЕКПЕН ӨРІЛГЕН КЕЙУАНА

admin_mugalzhar

С днем рождения, коллеги!

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.