«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЖАЛҒЫЗБАСТЫ ҚАРТТАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

1 қазан — Қарттар күні мерекесінде ауданның іскер әйелдер қауымдастығының мүшелері Қандыағаш қаласында жалғызбасты қарттарға барып, халжағдайларын сұрап, құрмет көрсетті.

Қауымдастық мүшесі Айгерім Сатанова бұл шара мереке қарсаңында қазыналы қарттарға қуаныш пен көтеріңкі көңіл-күй сыйлау мақсатында ұйымдастырылғанын айтты. Олар Қандыағаш қаласында тұратын бес жалғызбасты қарттардың үйіне барып, гүл шоқтарын табыстап, тәттілер салынған себетті сыйға тартты. — Біз аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мамандарынан жалғызбасты қарттардың тізімін алып, көмекке шын мұқтаж Вера Матрохина, Дания Хайбуллина, Людмила Сайб, Күлгін Алпысбаева, Нина Котельниковаларды мерекелерімен құттықтадық. Сонымен бірге Ембі қалалық іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Нұрия Қасымқызына да гүл шоқтары мен сыйлық жібердік. Қазақ халқы қашан да қарттарын құрмет тұтқан. Біз де қарияларымызға көңіл бөліп, бір сәтке болса да қуантып, ризашығын алғымыз келді, — деді Айгерім Сатанова . Кәсіпкер нәзік жандыларға риза болған қарттар алғыстарын жаудырып, батасын берді.

Н.КЕСІКҚҰЛ

Ұқсас ақпараттар

Анталияда Абай атындағы саябақ ашылды

admin_mugalzhar

2024 жылдың 1 шілдесінен бастап автогаз бағасы қымбаттайды

admin_mugalzhar

АҒА ГАЗЕТТІҢ ӨНЕГЕСІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.