«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

«АҚТӨБЕ — ҚАНДЫАҒАШ» ТАСЖОЛЫҚАРАША АЙЫНДА ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Бүгінде «Ақтөбе — Қандыағаш» тасжолын салу жұмыстары қызу жүріп жатыр. Республикалық маңызға ие төрт жолақты тас жолдың екеуі осы жылдың аяғында толығымен қолданысқа беріледі. Атырау мен Ақтөбе облыстарының орталығын байланыстырып тұрған жолдың бүгінде тек Ақтөбе мен Қандыағаш қаласы аралығындағы 96 шақырымы жаңартылуда.

Жолдан бөлек көпірлер мен су және мал өткізетін құбырлар салынуда. Бұл тасжол пайдалануға 1960 жылдары берілген. Ол кездегі жолдағы көліктің жүру қарқыны мен қазіргі қарқынды салыстыруға болмайды. Тасжол 4 жолақты болады. Биыл соның 2 жолағын пайдалануға береміз деп жоспарлап отырмыз. Ол жерде қазіргі таңда жол белгілерін орнату, жол таңбаларын салу жұмыстары жүргізіліп жатыр, суағарлар салынуда. Соларды бітіріп, биыл сол қараша айында жолды тапсыру жоспарланып отыр, — деді «Қазавтожол» ҰК» ОФ директорының орынбасары Ринат Оразғалиев.

Н.ТІЛЕП

Ұқсас ақпараттар

Иманбай ҚОСМҰХАНБЕТОВ, Ембі қаласы әкімінің орынбасары: БАҚ ӨКІЛДЕРІМЕН БАЙЛАНЫС – ХАЛЫҚҚА ЖЕТЕР СОНДА ІС

admin_mugalzhar

АЛҒАШ ДАУЫС БЕРУШІЛЕРГЕ ЕСТЕЛІК СЫЙЛЫҚТАР ТАБЫСТАЛДЫ

admin_mugalzhar

Жастар жылы мәресіне жетті

admin_mugalzhar