«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

«САЛАМАТТЫ ҚАЗАҚСТАН» МЕДИЦИНАЛЫҚ ПОЙЫЗЫ – АУДАНДА

26 СӘУІРДЕ АЛМАТЫ-2 СТАНЦИЯСЫНАН ШЫҚҚАН «САЛАМАТТЫ ҚАЗАҚСТАН» МЕДИЦИНАЛЫҚ ПОЙЫЗЫ 9 ҚАЗАН КҮНІ МҰҒАЛЖАР АУДАНЫ ЕМБІ ҚАЛАСЫНА КЕЛІП ТОҚТАДЫ. ЕМБІЛІКТЕР ЕКІ КҮННЕН БЕРІ ДЕНСАУЛЫҚТАРЫНА ҚАТЫСТЫ ШАҒЫМДАРЫН АЙТЫП, БІЛІКТІ МАМАНДАРДАН МЕДИЦИНАЛЫҚ КЕҢЕСТЕР АЛУДА.

«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызын Жем стансасынан аудан әкімінің орынбасары Сансызбай Мұқанов және Ембі қаласының әкімі Райымбек Мұсағали күтіп алды. Аталған пойызда жалпы саны 8 вагон бар. Оның төртеуі медициналық құрылғылармен жабдықталған. Айталық, қан және зәр талдаулары, биохимиялық қан талдауларын жедел түрде дайындайтын зертхана, адам ағзаларын тексеруге бағытталған ултра дыбысты зеттеу аппараттары, стоматологиялық, кардиологиялық, неврологиялық құрылғалары бар. Денсаулық пойызында 24 дәрігер қызмет көрсетуде. Пойыздағы дәрігерлерге тексерілу үшін тұрғындарға жеке басын куәландыратын құжаты, балаларға туу туралы куәлігі болса жеткілікті. Қаралушының тұрғылықты жерде тіркелуі туралы және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға төлегені туралы анықтаманың қажеті жоқ.

Кешелі бері ембілік 1000-нан астам тұрғын жүректерін ЭКГ-ге түсіріп, флюрография жасатып, хирург, гинеколог, невролог, кардиолог, стоматолог, оториноларинголог, уролог, терапевт, педиатр, окулист, жалпы тәжірибелік дәрігерлерге қаралып, мамандардан кеңес алып, ем-дом қабылдаған. Сонымен бірге дәрігерлер ауыр сырқатқа шалдығып, үйінде жатқан науқастарға да үйлеріне барып көмек көрсетуде. «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызындағы арнайы топтың мүшесі, заңгер-медиатор Жандос Сейдхан аталған әлеуметтік жобаның мақсаты ел аймақтарының шалғай станцияларында тұратын азаматтарға тегін медициналық, психологиялық, құқықтық және медиативтік көмек көрсетеді және жәрдемдесу екенін айтты.

Бұл жоба Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның бастамасымен «Самұрық Қазына» Ұлттық қоры мен «Қазақстан темір жолы» АҚ-ның қолдауымен өтуде. Біз сәуір айынан бері Қазақстан аумағындағы елді мекендерді аралап, медициналық көмекпен қатар психолог, медиатордың кәсіби қызметтерін де ұсынамыз. Ембі қаласында менің көмегіме жүгінгендердің бірқатары заң тұрғысында кеңес сұраса, көпшілігі кәсіпкерлік саласын дамыту, мемлекеттік қайтарымсыз гранттар, жеңілдетілген несиелер бойынша толыққанды ақпараттар алды. Сонымен бірге тұрғындардың арыз-шағымдарын жоғарыға жеткізуге көпір болып, электронды түрде құжаттарын рәсімдеуге көмек көр-сетудеміз. Біздің пойыз интернеттің жоғары желісімен жабдықталған. Қызмет көрсететін мамандар азаматтарды таңғы сағат 09.00- ден кешкі сағат 18.00-ге дейін демалыссыз қабылдайды, — деді заңгер-медиатор.

Одан әрі «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы ауданға қарасты Мұғалжар стансасына барып, екі күн бойы жоғарыда айтылған қызметтерді ауыл тұрғындарына көрсететін болады.

Н.КЕСІКҚҰЛ

Ұқсас ақпараттар

РАМАЗАН ҚАРСАҢЫНДА ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ, БАС МҮФТИ НАУРЫЗБАЙ ҚАЖЫ ТАҒАНҰЛЫНЫҢ ҮНДЕУІ

admin_mugalzhar

ТҮЛЕК — 2022: ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕРТЕҢІ

admin_mugalzhar

ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.