«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ҚЫЗЫЛША БЕЛЕҢ АЛЫП ТҰР

Бүгінгі таңда ауданда балалар арасында қызылша ауруына қарсы екпе алмағандар саны артуда. Оысаған орай аудан әкімінің орынбасары Сансызбай Мұқановтың төрағалығымен №1,2,4,5 Қандыағаш қалалық жалпы білім беретін орта мектебінде және Қандыағаш қалалық №3 мектеп-гимназиясында ата-аналардың қатысуымен жиналыс өтті.

Жиналысқа аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Ерлан Мұратов,, аудандық аурухананың мамандары қатысты. Бүгінгі күнге ауданда «қызылша» ауру бойынша 162 жағдай тіркелген. Оның ішінде 5-і есептен шығарылып, 37-сі лабораториялық жолмен расталса, 8-і клиникалық белгілермен расталған. 14 жасқа дейінгі балалар арасында — 96 жағдай, ересектер арасында – 4 жағдай тіркелген.

Жиындарда ата-аналарға қызылша инфекциясының көбеюіне байланысты қызылша инфекциясының ең тиімді алдын алу тәсілі — екпе екені айтылып өтілді. Күнтізбедегі екпе түрлері балаларға салу не үшін қажет және вакцина тиімділігі турылы жан-жақты түсіндірілді.
Кездесулерде ата-аналар өздерінің толғандырған сауалдарын жолдап, нақты жауаптарын алды.

Ұқсас ақпараттар

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АЯУЛЫМДЫ ЖАНКҮЙЕРЛЕРІ КҮТІП АЛДЫ

admin_mugalzhar

ОЛИМПИАДА: МҰҒАЛЖАР АУДАНЫ ІІ ОРЫН

admin_mugalzhar

Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.