«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

СЕССИЯ: АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ТӨРАҒАЛАРЫ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

Аудандық мәслихаттың кезектен тыс тоғызыншы сессиясы өзгеше форматта өтті. Өзгешелігі сол – облыс аумағындағы өзге аудандардың мәслихат төрағалары қатысып, тәжірибе алмасты.

Мұғалжар аудандық мәслихат төрағасы Бахытжан Кадралиннің төрағалығымен өткен отырысқа аудан әкімі Дархан Ермағанбетов және аудан мәслихатының депуттаттары қатысты. Сессияның күн тәртібінде Мұғалжар аудандық мәслихатының 2022 жылғы 23 желтоқсандағы №279 «2023-2025 жылдарға арналған Мұғалжар аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу және «Мұғалжар ауданының Құрметті азаматы» атағын беру туралы мәселелер қаралды.

Бюджеттегі өзгерістер жайында баяндама жасаған аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Ғ.Асқаров ауданның жалпы бюджеті туралы толық ақпарат беріп өтті. Оның сөзінше, жергілікті бюджет жобасы 11 800,0 млн болып бекітілген. Оның ішінде алым 6950,8 млн теңге болған. Ал қалған 4849,2 млн қаржы тиісті бағыттарға және республикалық бюджет 78,7 млн теңге, облыстық бюджеттен 4460,4 млн теңге бөлініп бекітілген.
Осы жылдың сәуір-шілде айларында қабылданған мәслихат шешіміне өзгерістер енгізіліп, аудандық бюджет 514,0 млн теңгеге ұлғайды. Бүгінде ауданның бюджет көлемі 12 315,0 млн теңгені құрап отыр. Тағы бір айта кететін жайт, аудан әкімі резервінен үнемделген қаржы көлемі 225,1 млн теңгеге, ал аудандық бюджеттің кіріс көлемі 241,4 млн теңгеге өсті, — деді Ғ.Асқаров.

Сессия барысында депутаттардың тарапынан бірқатар жасалып жатқан жұмыстың жүйелілігіне, салынып жатқан құрылыстың сапалылығына сыни пікірлер айтылды. Сонымен бірге өндіріс және кәсіпорын шоғырланған, қойнауы кенге толы Мұғалжар өлкесінің бүгінгі экологиялық жағдайының нашарлығы айтылып, ауданға эколог маманның қажет екендігіне баса назар аударылып, аудан әкіміне ұсыныс жасалды. Сесияда қаралған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.
Шара соңында мінберге көтерілген Темір ауданының мәслихат төрағасы Болат Шаимов тәжірибе алмасу мақсатында өткізілген бұл сессияның маңызы зор екенін, жүйелі жұмысты бірлесіп атқарудың нәтижелі болатынын атап айтты.

Ұқсас ақпараттар

ҚАТ БОЛҒАН ҚАНТТЫҢ ЖЫРЫ

admin_mugalzhar

МЕДИЦИНА КӘСІБІ — АДАМГЕРШІЛІКТІҢ АСЫЛЫ

admin_mugalzhar

МҰҒАЛЖАРДАН НҰР-СҰЛТАНҒА ЕТ ӨНІМДЕРІ ЖЕТКІЗІЛДІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.