«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ВОЛОНТЕРЛАР ЧЕМПИОНДЫ КҮТІП АЛДЫ

«Ізгі қала» еріктілер тобы  Ақтөбе облысынан тұңғыш IV Пара Азия ойындарының пауэрлифтингтен қола жүлдегері Гүлім Құрманбаеваны күтіп алды.

Өз қолдарымен түрлі дәм дайындаған жасөспірімдер чемпионға ерекше құрмет көрсетіп, дастархан жайды. Сонымен қатар спортшыға арнайы сыйлықтарын табыстап, құшағын гүлге толтырды.

Айта кетейік, Гүлім Құрманбаева Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен  IV Пара Азия ойындарында пауэрлифтингтен әйелдер арасында 45 келі салмақта өнер көрсетіп, Ақтөбе облысы бойынша қола жүлдемен оралған жалғыз спортшы.

 

«МҰҒАЛЖАР-АҚПАРАТ»

 

Ұқсас ақпараттар

Еліміздегі 20 ЖОО базасына жасанды интеллект бойынша мамандар даярлау бағдарламасы енгізілді

admin_mugalzhar

Заңгерлер жаңа Конституцияның тұжырымдамасын талқыға салды

admin_mugalzhar

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтөбе облысына келді

admin_mugalzhar