«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Әйелдердің зейнетке шығу жасы артады

Елімізде әйелдердің зейнетке шығу жасына қатысты әлі де болса түсінбеушілік байқалады. Өзгерістің сүзгісінен өтіп, мақұлданған жаңа Заң жобасының талабына сәйкес, нәзік жандылардың 63 жасында зейнеткерлікке шығуы, кезең-кезеңімен жүзеге аспақ. Мұның жай-жапсарын аудандық Зейнетақы төлеу орталығының басшысы Клара Құдайбергеновадан білдік.

Оның айуынша, жаңа жүйе концепциясы 2018 жылдың бірінші қаңтарынан бастап өз күшіне енеді. Дәлірек айтсақ, әйелдердің зейнетке шығу жасын жыл сайын кезең-кезеңімен арттыру басталады. Зейнетке шығамын деп есептелген әр жылға жарты жылдан еңбек ету мерзімі қосылады. Мәселен, келер жылы зейнеткерлікке шығатын 1960 жылы туылған әйелдер қосымша 6 ай еңбек етіп барып шығады. Яғни, 2018 жылдан 2028 жылға дейін алты айдан қосылып отырады. Бұл процессті 10 жылдың ішінде толығымен жүзеге асыру жоспарланып отыр. Оған дейін әйелдердің зейнет жасын 63 жасқа дейін жеткізу үдерісі кезең-кезеңімен өсіп отырмақ.

Естеріңізге сала кетейік, биыл зейнеткерлікке шығатын 1959 жылғы әйелдер желтоқсан айына дейін құжаттарын тиісті мекемеге өткізулері тиіс. Егер құжат тапсыруға кешігіп қалатын болса, онда келер жылғы зейнетке шығатындар тізіміне еніп кетулері ықтимал. Зейнетақы төлеу орталығының айтуынша, бұл дегеніміз – жаңа жүйеде нақтыланған жарты жылды  қосып жұмыс істеу.

Алтын СҮЛЕЙМЕН

 

Ұқсас ақпараттар

Головкин — Мурата жекпе-жегінің күні белгілі болды

admin_mugalzhar

МҰҒАЛЖАР АУДАНЫ ҮЗДІК ҮШТІКТЕН КӨРІНДІ

admin_mugalzhar

Қысқы төтенше жағдайға дайындық

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.