Аудандық кірістер басқармасы мен аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жолаушыларды заңсыз тасымалдаушылар қызметінің жолын кесу бойынша бірлескен рейд іс-шараларын жүргізді.
Рейд барысында Мұғалжар ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының “Салықтық бақылау және өндіріп алу” бөлімінің басшысы Нұрсұлтан Тайтаков және аудандық полиция бөлімі патрульдік полиция тобының қызмет инспекторы, полиция аға лейтенанты Нұрзаман Меңдіғара «Қандыағаш-Ақтөбе» тас жолы бойында такси қызметін көрсететін жүргізушілерді тоқтатып, олардың жеке кәсіпкер ретінде кірістер басқарамасына тіркелгені мен қолма-қол төлем жасау барысында бақылау кассалық машиналарын пайдалануы, салық төлегені жөнінде ақпараттары мен құжаттарын қарады. Тексеріс барысында жүргізушілердің кейбірінде кассалық аппараттың жоқтығы анықталып, біржолғаескертуберіліп, хаттамалар толтырылды.
Кірістер басқармасының маманы Нұрсұлтан Дәулетханұлының айтуынша, Қазақстан аумағында Салық кодексінің 166-бабына сәйкес, қолма-қол ақшамен есеп айырысу бақылау-кассалық машиналарды міндетті түрде қолдану керек және фискалдық түбіртек берілуі қажет.
—Фискалды түбіртек бермеу, бақылаукассалық машиналарды пайдаланбау ҚР ӘҚБтК-нің 284-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Ал жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар жекеленген қызмет түрлерін көрсету барысында «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» ҚР Заңының 25 бабы 11 тармағына сәйкес төлем қабылдауға арналған жабдықтарды орнатып қабылдауды қамтамасыз етуі міндетті. Карталармен жасалатын төлемдерді қабылдаудан бас тартып, POS терминалды пайдалану тәртібін бұзу ӘҚБтК-нің 194- 195-баптары бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын ескертеміз. Рейд басталғалы аудан бойынша үш тұлғаға ескерту беріліп, әкімшілік хаттама толтырылды. Бұл іс-шара қараша айының соңына дейін жалғасады, — деді Нұрсұлтан Тайтаков.
Н.КЕСІКҚҰЛ