«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Жолшылар Ізімбет пен Ембінің арасындағы жолды жөндеуге кірісті

40 шақырымдық жол учаскесі — былтыр жөнделген Қандыағаш – Ембі – Шалқар – Ырғыз бағытындағы Қандыағаш – Ізімбет автожолының 50 шақырымының жалғасы.

Тасжолдың құрылысын бастаған «Жалаугер-НС» мердігер мекемесі тез арада жұмыстарды аяқтауға уәде беріп отыр.

Жалпы, Ақтөбе облысында республикалық маңызы бар автожолдарды жаңғырту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Биыл орташа жөндеу жұмыстарымен жалпы ұзындығы 266,5 шақырым жол қамтылды.

Қазіргі таңда жұмыстар Қарабұтақ – Қостанай, Ырғыз – Қызылорда, Ақтөбе – Әлімбет және Ақтөбе – Орынбор бағыттарындағы жол учаскелерінде де жалғасып жатыр.

Ұқсас ақпараттар

Нан қалдықтарына контейнер орнатылама?

admin_mugalzhar

«AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

admin_mugalzhar

Елдік жаңарудың жасампаз философиясы

admin_mugalzhar