Кез келген адам білімге, ғылымға, мәдениетке, әділеттілікке, адалдыққа, жалпы жақсыға ұмтылады һәм ұмтылуы тиіс. Қазақ халқының осы ұмтылыстың көкжиегіне шыққан ұлдары болған еді. Бізді сондай жақсылардан мақсатты түрде айырды. Оған заманды, саясатты, адамды кінәлі етеміз. Бірақ сол саяси қуғын-сүргін мен қолдан ұйымдастырылған ашаршылық салдары біздің тек санымызға ғана емес, сапамызға да сызат түсірді. Расы сол. Қазір ойлап отырсам, «қазақтың қаймақтары» сол кезде тұқым-тұяғымен құрып кеткен екен. Әйелі, баласы… ешкімді де аямапты. Солжандардың өздері тірі болып, үлкен істерді жүзеге асыруға уақыты болғанда, артындатұяғықалғанда, көпнәрсебасқашаболармаеді, кімбілген?.. Өткен күн тарих болып қалды.
Тарихтың қаны ағып тұрған қасіретті беті бұл. Оны біз ұмытпауымыз керек, ұрпаққа жеткізуіміз қажет. Бірақ өткенге салауат айтып, бүгінмен ертең үшін еңбек ету қазіргінің ісі. Дана қазақтың баласы да қаражаяу болмау керек. Бір ұлттытүп-тамырымен құртамындеп ойлайтындар қателескен еді, әлі де қателеседі. Тасты жарып шыққан гүлдей, бізден әлі талай қазақ зиялысы шығады, шығып жатыр. Бастысы, дұрыс саясат, дұрыс бағытбағдар, ең маңыздысы — үйдегі дұрыс тәрбие мен құндылықтар болуы қажет. Жеріміз соғыс, халқымыз жауыздық көрмесін! Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!
А.СЕРІКЖАНОВА, Ембі қаласы