«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АТА-АНАЛАРМЕН БАЙЛАНЫС КАБИНЕТІ АШЫЛДЫ

№1 Қандыағаш қалалық орта мектебінде ата-аналарды педагогикалық қолдау көрсету кабинеті ашылды. Кабинеттің ашылу салтанатына “Шапағат” ауруханасының бас дәрігері, мектептің тұрақты демеушісі Аманжол Адаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Құрал Байсұлтанов және ата-аналар мен ұстаздар қатысты.
Балалардың әл-ауқатын қамтамасыз етуге ата-аналардың педагогикалық мәдениетін, психологиялық және әлеуметтік құзыретін дамытуды көздейтін кабинетінің лентасын кесу құрметі Құрал Байсұлтанов пен ата-аналар клубының мүшесі Дания Сатаеваға берілді.
Мектеп директоры Бақыт Утешова құттықтау сөз сөйлеп, ата-аналарды бірлесіп жұмыс жасауға шақырды.


Мектеп пен ата-ана байланысының нығаюына тілектестігін білдірген Аманжол Шүнгүлұлы орталық жұмысының маңыздылығын ерекше атап өтіп, ақ батасын берді. Шара әрі қарай Тәуелсіздік мерекесіне арналған әдеби-сазды кешпен жалғасты.

Ұқсас ақпараттар

Қазақстан бәсекеге қабілетті мақта сорттарын өсіруді қолға алды

admin_mugalzhar

Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 75-сессиясына қатысады

admin_mugalzhar

Жәнібек Әлімханұлының келесі қарсыласы ресми хабарланды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.