«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ 30 ЖЫЛДЫҒЫН АТАП ӨТТІ

Аудан әкімдігінде Орталық сайлау комиссиясының 30 жылдығы аталып өтті. Аталған шараға аудан әкімі Дархан Ермағанбетов, бөлім басшылары және учаскелік сайлау комиссиясының мүшелері қатысты.
Жиын басында Мұғалжар аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Асылбек Тұғыров Орталық сайлау комиссиясының 1993 жылы құрылғанын, барлық сайлаудың Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген Конституциялық Заңның аясында өткізілетінін атап көрсетті. Сондай-ақ Тәуелсіздік алған уақыттан бастап 9 мәрте Президент сайлауы, 9 мәрте Мәжіліс және мәслихат депутаттарының сайлауы, 30 мәрте барлық қалалық, ауылдық, селолық әкімдерінің сайлауы өткенін мәлімдеп, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының жалпы мүшелеріне тоқталып өтті.

Аудан бойынша 46 сайлау учаскесі бар. Оның 11-і Қандыағаш қаласында, 6-уы Ембі қаласында, 1-еуі Жем қаласында, қалғандары ауыл округтерінде орналасқан. Сайлау округтерінің 9-ы Қандыағашта, 4-еуі Ембіде, 1-еуі Батпақкөл ауыл округінде. Ал облыстық сайлау округінің 1-еуі Қандыағаш қаласында орналасқан. Бүгінде аудан бойынша сайлаушылар саны – 40944 адам. Көрсетілген сайлаушылардың ішінде, дауыс беруге құқығы бар мүгедектігі бар адамдардың саны – 158, оның ішінде – 62-і тірек қимыл-аппараты бұзылған арбаға таңылғандар, олар 22 сайлау учаскелердің тізімінде, 45 – соқыр және нашар көретіндер 23 учаскеде тізімінде тіркеулі, саңырау және нашар еститіндер – 51, олар 18 сайлау учаскелердің тізімінде. Осы санаттағы мүгедектігі бар сайлаушыларға барлық учаскелерде кедергісіз кіріп-шығуына жағдай жасалған. Бүгінгі күні жұмыс атқарып жатқан аумақтық және учаскелік сайлау комиссиялардың құрамы, аудандық мәслихаттың шешімімен 2019 жылғы 10 қаңтарда 5 жыл мерзімге бекітілді, — деді Асылбек Тұғыров.
Жиын барысында сөз алған аудан әкімі Дархан Ермағанбетов жиналғандарды мерекемен құттықтап, тәуелсіздік жылдарда еліміздің сайлау органдары дәйекті даму жолынан өткенін, аумақтық комиссияларының кәсіби деңгейінің көтерілгенін, елдің болашағын айқындауда жүйелі жұмыстың жүргізіліп жатқанын тілге тиек етіп, сайлау органдары жүйесін дамытуға үлес қосқан жандарға Алғыс хат табыстады. Сонымен бірге аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы да бірқатар учаскелік комиссия мүшелерін марапаттап, естелік суретке түсті.

Ұқсас ақпараттар

БІРЛІКТЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАН САЛЫНУДА

admin_mugalzhar

МҰҒАЛЖАРДЫҢ ӨНІМДЕРІ ТҮРКІСТАНДАҒЫ ЖӘРМЕҢКЕДЕ САТЫЛДЫ

admin_mugalzhar

4 АУЫЛҒА ТАЗА АУЫЗ СУ БЕРЕТІН ҰҢҒЫМА ОРНАТЫЛДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.