ӘНЕ-МІНЕ ДЕГЕНШЕ 2023 ЖЫЛ ДА АЯҚТАЛЫП ҚАЛДЫ. СІЗ ҚОЛЫҢЫЗҒА АЛҒАН БҮГІНГІ ГАЗЕТ — «МҰҒАЛЖАРДЫҢ» ОСЫ ЖЫЛДАҒЫ ҚОРЫТЫНДЫ ҺӘМ МЕРЕКЕЛІК НӨМІРІ. ГАЗЕТ ҰЖЫМЫ ЖЫЛ БОЙЫ БАСЫЛЫМ БЕТІНДЕ ЖАРИЯЛАНҒАН КЕЙІПКЕРЛЕРДІҢ, БЕЛСЕНДІ ОҚЫРМАНДАРДЫҢ, МАҚАЛАЛАР ДАЙЫНДАУ БАРЫСЫНДА АТСАЛЫСҚАН ӘР САЛА МАМАНДАРЫ МЕН ҚАЛА ЖӘНЕ АУЫЛДЫҚ ОКРУГ ӘКІМДЕРІ АРАСЫНДА «ЖЫЛ ҮЗДІКТЕРІН» АНЫҚТАДЫ. ТАҢДАУ ЖАСАУДА ӨЗ ОҚЫРМАНДАРЫНЫҢ КӨМЕГІНЕ ЖҮГІНДІ(У. СОНЫМЕН РЕДАКЦИЯ ҰЖЫМЫ ЖӘНЕ ИНСТА ОҚЫРМАНДАРДЫҢ ДАУЫС БЕРУ НӘТИЖЕСІНДЕ ҮЗДІК АТАҒАНДАРМЕН ТАНЫС БОЛЫҢЫЗДАР.
«ЖЫЛ АУЫЛЫ» аталымы
АЩЫСАЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ — Мұғалжар ауданының шығысында Ор өзенінің бойында орналасқан. Орталығы — Ащысай ауылы. Бұрын «Ақтөбе» кеңшары болып аталған ауылдың тарихы 1930 жылдан басталады. Кеңшар негізінен егін және мал шаруашылығымен айналысқан. Әсіресе, қой шаруашылығына басымдық берген. Совхоз шаруалары «Меринос», «Қазақтың ақбас» сиыры және жылқы өсірумен айналысып, облыс көлеміндежоғары көрсеткіштергеқолжеткізген. 1980 жылдары «Ақтөбе» кеңшары қой өсіру бойынша Республика көлемінде ІІ орынға шыққан. Бүгінде аталған округ аумағында үш елді мекен бар. Олар – Ащысай, Ақсу, Сабындыкөл. Округте барлығы 585 тұрғын бар. Округ оқушылары үшін 1орта, 1 негізгі, 1 бастауыш мектеп, 1 мектеп жанындағы интернат жұмыс жасайды. Мектеп жасына дейінгі бала саны – 88, оқушылар саны -94. Ал тұрғындарға 1 медицианалық пункт, 1 мәдениет үйі, 1 кітапхана қызмет көрсетеді.