«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Биыл қанша күн демалыс бар?

2024 жылғы мемлекеттік және ұлттық мерекелер күнтізбесі жарияланды, деп хабарлайды mugalzhar.kz. egov.kz порталына сілтеме жасап.

Мемлекеттік және ұлттық мерекеге орай қазақстандықтар мына күндері демалады.
1-2 қаңтар- Жаңа жыл;
8 наурыз — Халықаралық әйелдер күні;
21-23 наурыз — Наурыз мейрамы (23 наурыз сенбіден 25 наурыз дүйсенбіге ауыстырылады);
1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні;
7 мамыр — Отан Қорғаушы күні;
9 мамыр — Жеңіс күні;
6 шілде — Астана күні (6 шілде сенбіден 8 шілде дүйсенбіге ауыстырылады);
30 тамыз — Конституция күні;
25 қазан — Республика күні;
16 желтоқсан — Тәуелсіздік күні.
Мұсылман күнтізбесі бойынша атап өтілетін Құрбан айттың бірінші күні, 7 қаңтар — православиелік Рождество демалыс күндері болып саналады. Бұл ретте 7 қаңтар жексенбі күнге түскендіктен, қазақстандықтар үшін әдеттегідей демалыс күні болды.
Ал 2024 жылы Құрбан айттың бірінші күні 16 маусымға тура келеді. Сондықтан 16 маусымда тұрғындар тағы бір күн демалады. Осылайша, аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 2024 жылы 117 күн демалатын болады.

Ұқсас ақпараттар

«Жүлде қоры – 3 миллион 692 теңге»: Елімізде «Үздік педагог» байқауы басталды

admin_mugalzhar

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ: МАҚСАТЫМ – ЭКОНОМИКАНЫ ЖӘНЕ ЕГЕМЕНДІКТІ НЫҒАЙТУ

admin_mugalzhar

«Ақтөбе – тарының астанасы»: гастрофестиваль өңірдің гастрономиялық брендін нығайтып, мыңдаған қонақты жинады  

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.