«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

БӨЛІМ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Мұғалжар аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы болып Жандос Талғарұлы Өтеулин тағайындалды.
Аудан әкімдігінде өткен жиында бөлім басшысын аудан әкімі Дархан Ермағанбетов таныстырды.

Жандос Өтеулин 1982 жылы Ембі қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары.
Еңбек жолын әр жылдары жеке жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерде, Ақтөбе қалалық әкімдігінің бас маманы, Ақтөбе қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің жетекші, бас маманы, бөлім басшысының орынбасары, «СПК-Ақтөбе» АҚ-ның бас менеджері, департамент директоры, Ақтөбе қаласының индустриялдық аймағының басқарушы компаниясы ЖШС-і директорының орынбасары, директоры қызметтерін атқарған.

Аудан басшысы Дархан Жанысханұлы жаңадан тағайындалған Жандос Талғарұлының жұмысына сәттілік тілеп, бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Ұқсас ақпараттар

КӘСІПОДАҚ: АТҚАРЫЛҒАН ДА, АТҚАРЫЛАР ДА ІС КӨП

admin_mugalzhar

Ақтөбеде референдумды қолдауға арналған жастар фестивалі өтті

admin_mugalzhar

ХУРУРГИЯ БӨЛІМІ АУЫР ОТА ЖАСАУҒА ҚАУҚАРЛЫ

admin_mugalzhar