«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Ақтөбеде елімізде теңдесі жоқ онкореабилитация бөлімшесі ашылды

«Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университеті» КЕАҚ медициналық орталығында 20 керуеті бар онкореабилитация бөлімшесі ашылды, — деп жазды «Ақтөбе» газетіне сілтеме жасаған mugalzhar.kz.

Осы мақсатқа 250 млн теңге бөлінді. «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры қаржылай қолдау көрсетті.

Құрылған онкологиялық оңалту бөлімшесі Қазақстанда әзірге жалғыз.

Орталық ағзаның бұзылған функцияларын қалпына келтіруге, емдеудің нәтижесінде пайда болған өмірдің жаңа жағдайларына бейімдеуге және әлеуметтік шаралар кешенін жүзеге асыруға бағытталған. Болашақта бұл орталық арқылы онкологиялық сырқаты бар 3000-ға жуық қазақстандыққа көмек көрсетіледі.

«Samruk-Kazyna Trust» қорының 2023 жылы атқарған жұмысына есеп беру шарасында сөз алған басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов аталмыш оңалту орталығының жұмысын бастауға рұқсат беріп, сәттілік тіледі.

Өз кезегінде университет ректоры Әсет Қалиев «Samruk-Kazyna» АҚ Басқарма Төрағасы Н.К.Жақыповқа бекітілген стандарттарға негізделген онкореабилитация курстарын өткізу кезінде кешенді пайдалану цикліне сәйкес келетін заманауи жабдықтарды сатып алуға қаржылай қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді.

Ұқсас ақпараттар

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 64 млн-нан асты

admin_mugalzhar

Более 17 миллионов граждан прошли перепись

admin_mugalzhar

Димаш Құдайберген түріктің ұлттық музыкалық аспабын сыйға алды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.