«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Еңбек министрлігі елдегі орташа зейнетақы мөлшерін атады

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандаға орташа зейнетақы мөлшерін атады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған Mugalzhar.kz.
2022 жылдың 1 маусымындағы жағдайға сәйкес, елдегі орташа зейнетақы мөлшері 105 189 теңгеге тең.
Министрліктегілер Қазақстанда 2 миллион 246 мың зейнеткердің бар екенін атап өтті. Жыл басынан бері қазақстандықтарға зейнетақы төлеу үшін 1,2 триллион теңге бөлінген.
2022 жылдың мамырында зейнетақы төлемдері үшін республикалық бюджеттен 235,4 миллиард теңге, оның ішінде базалық зейнетақыға 71,3 миллиард теңге, ортақ зейнетақыға 163,2 миллиард теңге бөлінген.

Ұқсас ақпараттар

Бейжіңнен Римге дейін: 2025 жылғы мәдениет саласындағы айтулы оқиғалары

admin_mugalzhar

2030 жылға қарай еңбек нарығындағы жастар үлесі 80%-ға жетеді

admin_mugalzhar

ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ ШЫРША БАЛАЛАРҒА ҚУАНЫШ СЫЙЛАДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.