«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ТЕМІРЖОЛ: ЖҮГЕНСІЗ ЖҮРГЕН МАЛ ИЕСІ ЖАУАПҚА ТАРТЫЛАДЫ

Қандыағаш стансасы желілік полиция бөлімшесінің мамандары теміржол бойында қараусыз жүрген малдың көп екенін айтып, дабыл қағуда.
Олардың сөзінше, тұрғындардың көпшілігі қорасындағы малына жауапсыздықпен қарап, жүгенсіз жібереді. Соның салдарынан жайылған мал теміржол бойына шығып кетіп, пойыздардың жүруіне кедергі келтіреді. Қандыағаш санциясындағы желілік полиция бөлімшесінің қызметкерлері жол бойында жайылған 49 бас жылқының иелерін анықтап,
ҚР ӘҚБтК-нің 559 бабы яғни теміржолдың бөлінген жолағында мал жаю қағидаттарын бұзу бойынша 9 азаматқа әкімшілік хаттама толтырған. “Теміржол бойында жайылған төрт-түліктің кесірінен пойыздың қозғалысында кідіріс туындайды. Бұл дегеніміз, бір тұтас аймақтың қозғалысын бөгейді. Жолаушы жолынан қалады. Сол себепті тұрғындардан теміржолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін төрт-түлікті тәулік бойы көзден таса қылмауларын сұраймыз. Қоғамдық тәртіпті қайталап бұзған азаматтарға еселеніп айыппұл салынатынын ескертеміз”, — деді Қандыағаш стансасы желілік полиция бөлімше басшысының орынбасары Ержан Сырлыбаев.

Ұқсас ақпараттар

Орталық Азияда баршамызға тиімді көлік-логистика жүйесін қалыптастыра аламыз — Тоқаев

admin_mugalzhar

Ақтөбе облысының 2022 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындыланды

admin_mugalzhar

Мемлекеттік бағалы қағаздар нарығында бастапқы дилерлер институтын енгізу туралы

admin_mugalzhar