«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қазақстандық танымал суретші Жан-Клод Ван Даммға картинасын сыйға тартты

Қазақстандық танымал суретші Кәріпбек Күйіков Жан-Клод Ван Даммға сұңқар бейнеленген картинасын сыйға тартты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кәріпбек Күйіковтің картинасын америкалық актер әрі режиссер Жан-Клод Ван Даммға қазақстандық актер Дәуіт Шайхисламов табыс етті. Ван Дамм суретшіге алғыс білдіріп, оның таланты мен сурет салу тәсілін атап өтті. Сонымен қатар, ол Қазақстан халқына сәлем жолдады. Сұңқардың суретін ұстаған актердің видеосын Кәріпбек Күйіков Instagram-парақшасында жариялады.
«Достар, өмірімде мақтаныш сезімі шегіне жететін сәттер болады, бұған Дәуіт Шайхисламов, Әлихан Жарылғапов және Ермекжан Өсіпбеков себепкер. Олардың күш-жігері арқасында Жан-Клод Ван Дамммен кездесу құрметіне ие болдым. Менің бір туындым осы атақты актердің коллекциясына енгенін мақтанышпен айта аламын. Негізі қарапайым адаммын, бірақ өз кумирімнің назарына іліктім», — деді деп жазды суретші парақшасында.
Кәріпбек Күйіков – ядролық қаруға қарсы қозғалыстың белгілі халықаралық белсендісі, «Атом» жобасының құрметті елшісі. Ол 1968 жылы Семей полигонынан жүз шақырым жердегі Егіндібұлақ ауылында дүниеге келген.

Ұқсас ақпараттар

2470 ЛИТР КӨЖЕ, 1800 КЕЛІ БАУЫРСАҚ ТАРАТЫЛДЫ

admin_mugalzhar

МАМАНДЫҚТЫ ТАҢДАУ — МЕКТЕП ЖАСЫНАН

admin_mugalzhar

2023 жылы айыппұл мөлшері қалай өзгерді

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.