“AMANAT” партиясы қоғамдық бірлестігі Ақтөбе облысының Мұғалжар аудандық филиалының кезектен тыс конференциясы өтті.
Фракция мүшелері және бөлім басшылары қатысқан шараға филиалдың атқарушы хатшысы Роза Мүсенова төрағалық етті. Конференцияның күн тәртібінде алғашқы болып партияның Саяси кеңесі құрамына өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесі қаралып, жаңа тізім жасақталды. Жаңадан жасақталған кеңес мүшелерінің қатарында мәслихат хатшысы Бақытжан Кадралин, аудан әкімінің орынбасары Әкімжан Есенаманов және мәслихат депутаттары мен бөлім басшылары бар.
Күн тәртібі бойынша қаралған екінші мәселе — Мұғалжар аудандық мәслихат депутаттығына үміткер ұсыну. Конференция төрағасы Роза Наурызбайқызы қазіргі таңда бос тұрған №9 бір мандатты сайлау округіне «AMANAT» партиясы атынан Азамат Ақбалеевті үміткер ретінде ұсынды. Оның бүгінде Қандыағаш стансасы бастығының орынбасары қызметін атқаратынын, осы уақытқа дейін партия мүшесі ретіне қоғамдық жұмыстарға белсене араласқанын тілге тиек етті. Шара соңында кеңес мүшелері Азамат Амангелдіұлының кандидатурасын бірауыздан мақұлдап, қаулы қабылдады.